Смартфондар адам жадын төмендетеді

6 Қыркүйек 2020, 13:50
1150
Бөлісу:
Смартфондар адам жадын төмендетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ресейлік дәрігерлер айтты, деп хабарлайды 1prime.ru.

Кез  келген ұялы телефондарды, соның ішінде смартфондарды пайдалану жадтың сапасына әсер етеді. Адамның фактілер мен қысқамерзімді ақпаратты есте сақтауы нашарлайды.

Бұған жол бермеу үшін есте сақтау қабілетін жақсарту үшін белгілі бір жаттығулар жасау керек, дейді терапевт дәрігері Олеся Набокова.

Смартфонның жағымсыз әсерінің бірі  - адам жадын нашарлату. Телефонға суретке түсіру, мобильді құрылғыларда жұмыс істеу, навигацияны пайдалану және интернеттегі жаңалықтарды үнемі оқу есте сақтау проблемаларын тудырады. Шағын зерттеулер ақпаратқа еркін қол жеткізуге, қол жетімділік шектеулі жағдайларға қарағанда деректерді әлдеқайда нашар есте сақтайтынымызды анықтады, - деп түсіндірді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы