Қазақстандықтардың 64%-і интернетті смартфон арқылы пайдаланады

15 Қаңтар 2019, 12:05
17336
Бөлісу:
Қазақстандықтардың 64%-і интернетті смартфон арқылы пайдаланады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ел тұрғындарының басым бөлігі смартфондар арқылы интернетті пайдаланатынын мәлім етті. 

«Қазақстандықтардың 64%-і смартфондары арқылы интернетті пайдаланады. Сондықтан да біз электронды үкіметтің mGov мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Бүгінгі таңда mGov арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар. Сол себепті министрлік мобильді және веб-версиялардың қатар дамуына көңіл бөлуде», - деді министр.

Абаевтың айтуынша, аталған қосымшаны қосымшаны бүгінде 1,3 млн азамат пайдаланып отыр екен.

Айта кетейік, осыған дейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халықтың әлі мекен-жай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға барып жүргені туралы айтқан болатын. 

Бұдан басқа, ведомсвто басшысы 141 қызмет электронды форматқа ауысатынын хабарлады. 

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев e-Gov электронды үкімет порталындағы халық жиі пайдаланатын қызметтерді атады.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы