«Скутер». Үш айда 600-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

7 Қыркүйек 2020, 20:50
1996
Бөлісу:
«Скутер». Үш айда 600-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында елімізде «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті хабарлады.

Іс-шара мақсаты - шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

Тексеру барысында 2300-дей шағын көлемді кеме (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.) тексеріліп, 548 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында анықталды.

Заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:

- кемелерді жеке құтқару жабдықтарысыз пайдалану – 203 оқиға;

- кемелерді құжаттарсыз пайдалану – 71 оқиға;

- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 42 оқиға;

Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстарды өткізді.

Өзгелердің жаңалығы