СҚО желтоқсанның ортасында карантин режимiн жеңілдетедi

9 Желтоқсан 2020, 01:31
1158
Бөлісу:
СҚО желтоқсанның ортасында карантин режимiн жеңілдетедi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2020 жылдың қорытындысын шығарды. Өңірде карантин режимін жеңілдету туралы брифинг барысында айтылды.

Облыс әкiмi өңiрдегi жағдай тұрақты және бақылауда екенiн атап өттi. Ауруханаға жатқызу саны күн сайын азаюда. Барлық науқастардың 94% емделдi. Ауруханалардағы төсек орын 32% ғана толған. Ауыр науқастардың немесе аппараттарға қосылуды қажет ететiн науқастардың саны да көбеймедi. Жоспарлы ауруханаға жатқызу тоқтаған жоқ.

Сондықтан қазiргi эпидемиологиялық жағдайға сүйене отырып, желтоқсан айының ортасына дейiн бiз демалыс күндерi облыс орталығындағы карантиндi алып тастауды жоспарлап отырмыз,  - дедi Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысының екiншi толқынға тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.

Облыста жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Тыныстандыру аппараттары мен қажеттi медициналық жабдықтар сатып алынды. Жедел жәрдем қызметi көлiкпен толық қамтамасыз етiлдi, - деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.


Өзгелердің жаңалығы