СҚО-да жыл басынан бері 849 адам мас күйінде көлік жүргізген

17 Қазан 2021, 15:16
36860
Бөлісу:
СҚО-да жыл басынан бері 849 адам мас күйінде көлік жүргізген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл полицейлері масаң күйдегі такси жүргізушісін жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

«102» арнасына Петропавл тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол таксиде келе жатқанын хабарлаған және жүргізушіден шыққан иіс пен жүргізу тәсіліне қарай оның алкогольдік масаң күйде болуы мүмкін екендігі жайлы ойлап, машинаны тоқтатуды өтінген.

Аталған факті бойынша кезекшілікте жүрген патрульдік полиция батальоны экипажына шұғыл бағдар берілді. «Volvo» автокөлігі Горький көшесінен табылды. Жолаушы жүргізушіден көлікті тоқтатуды өтініп, одан кілтін алып қойғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары такси жүргізушісін медициналық куәландыруға жеткізді, нәтижесі оның масаң күйде болғанын растады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жинап, сотқа тапсырды. Сот шешіміне сәйкес, масаң күйде көлік басқарған 48 жастағы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Жолаушының әрекеті өзінің және құқық бұзушының өміріне төнетін қауіптен сақтап қалғаны жайлы атап кеткен жөн, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Масаң күйде көлік жүргізуге болмайды, себебі барлық жол қозғалысына қатысушының өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді. Облыста 9 айда мас жүргізушілер 16 жол-көлік оқиғасын жасады, онда 5 адам қаза тауып, 22-сі жарақат алған. Осындай оқиғалардың алдын алуға рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар септігін тигізеді. Жыл басынан патрульдік полиция батальоны 69 түрлі, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға қатысты. Қаңтардан бастап облыс жолдарында спирттік ішімдік ішіп рөльге отырған 849 көлік жүргізушісі ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы