СҚО-да жаңа инфекциялық аурухана ашылды

4 Қараша 2020, 09:41
1630
Бөлісу:
СҚО-да жаңа инфекциялық аурухана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалықпен әлеуметтiк желiлерде СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов бөлiстi.

ҚР премьер-министрiнiң орынбасары Ералы Тоғжанов облысымызда жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында 200 орынға шақталған жаңа инфекциялық аурухана ашылды. Жаңа медициналық мекеме 3 айдың iшiнде салынды, — деп жазды өңiр басшысы.
Жұқпалы аурулар ауруханасы әлемдiк талаптарға сай, заманауи қондырғылармен қамтамасыз етiлген. Өкпенi жасанды тыныстандыру, УЗИ, рентген аппараттары және компьютерлiк томограф орнатылған. Айта кетейiн, бұл облыстағы алтыншы КТ, осының арқасында тұрғындарға томография одан әрi қол жетiмдi болады. Жаңа ауруханада науқастарға барлық жағдай жасалған. Әр палатадағы төсек орын оттегiге қосылған.⠀ 

Ауруханада жаңа желдету жүйесi орнатылған. Осының арқасында ауа палатадан дәлiзге өтпей, дәрiгерлердiң денсаулығына зиян келмейдi.⠀ 

Бiр сөзбен айтқанда, жаңа ауруханада науқастарға тиiмдi әрi сапалы ем-дом көрсетiледi, — дедi облыс әкiмi.

Өзгелердің жаңалығы