СҚО-да сайлау барысын 348 байқаушы мен 174 капитан қадағалауда

25 Шілде 2021, 13:01
3152
Бөлісу:
СҚО-да сайлау барысын 348 байқаушы мен 174 капитан қадағалауда
PHOTO
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында әкімдерді сайлау барысын «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 348 байқаушысы мен 174 мобильді капитаны қадағалауда. 

Бұл туралы бірлестіктің облыстық филиалы жетекшісі Жанат Мұхамеджанов мәлімдеді. 

Сайлау барысын қадағалау үшін байқаушы болуға ниет білдіргендерді арнайы оқыттық, 5 семинар өткізілді. Және, ең бастысы, қазіргі пандемиялық жағдайға байланысты оған тек қоғамдық орындарға кіруге рұқсаты бар адамдар ғана алынды. Арнайы блокноттар берілді. Әзірге ешқандай заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Егер де дауыс беру барысында қандай да бір келеңсіздік, түсінбеушілік орын алса немесе заңды бұзу туралы оқиғаға куә болса, бәрін де назардан тыс қалдырмайды, - деді Жанат Мұхамеджанов. 
Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында аудандық маңызы бар 4 қала мен 12 аудан бар. Онда 288 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бұл жалпы өңір тұрғындарының 53 пайызы. 

СҚО-да сайлау барысын 348 байқаушы мен 174 капитан қадағалауда

Бүгінгі сайлауға 70 ауылдық округ пен Мамлютка қаласының әкімі түсті. Бұл учаскелер бойынша осыған дейін қызмет етіп келген 61 әкімнің толық мерзімі аяқталған, 10-ы мерзімінен бұрын қызметінен кеткендер, - деді «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы.

СҚО-да сайлау барысын 348 байқаушы мен 174 капитан қадағалауда

Байқаушылардың негізгі мақсаты - сайлаудың заңды және легитимді өтуін қадағалау. Сондықтан ауыл тұрғындары да бей-жай қарамай белсенділік танытады деп күтуде. 

Өзгелердің жаңалығы