СҚО-да неге халық азайып барады? – Облыс әкімі негізгі себебін атады

3 Шілде 2021, 17:29
4313
Бөлісу:
СҚО-да неге халық азайып барады? – Облыс әкімі негізгі себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов халық санының азаюының басты себебін атады.

Солтүстік Қазақстан облысында халық санының неге азайып бара жатқанын айтты.

Бұл - біздің облысымыз үшін проблема. Ол – биылғы не былтырғы жылғы мәселе емес, көптен бері келе жатқан сұрақ. Былтыр да облыс жұртшылығы 5 000-ға азайды. Оның бірнеше негізгі себебі бар. Алғашқы себебі – былтыр өздеріңіз жақсы білетіндей, шектеу шаралары қабылданды, оның да әсері болды. Екіншісі, көрші мемлекетке миграция мәселесі әлі тоқтаған жоқ. Ол жалғасып жатыр, - деді әкім.

Сонымен қатар үшіншіден, бірнеше жыл бойы облыста ең жоғары миграция болғандықтан бүгінгі күні облыс жұртшылығының 18%-ы зейнетке шыққан азаматтар. Ал республика бойынша бұл санаттағылар 11%-ды құрайды. Айтуынша, оның да әсері бар.

Бұл проблеманы көші-қон мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешу қажет. Еңбек ресурстары көп орналасқан оңтүстіктің азаматтарын өзімізге көшіру керек. Тіпті ең қиын болған 2020 жылдың өзінде көп адамды көшірдік. 1 750 адам облысқа көшті, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар былтыр Павлодар облысына 1 500 адам көшіп келді және Қостанай облысына 500-ге жуық адам көшті.

Бұл бағдарламаны әрі қарай да жалғастыруымыз керек. Жоғары айтылған көшіп келген азаматтардың 88%-ының үй і болмаған. Бүгінгі күні олар СҚО-ға көшіп келіп, үйлі болып отыр. Үйлерінің қасында жерлері бар, бақша егіп, мал ұстауға мүмкіндіктері бар, - дейді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, былтырдың өзінде бизнесін ашқысы келген 102 отбасы кредитпен грант алды. Одан бөлек, қоныс аударған азаматтың 93%-ына жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, СҚО әкімі қоныс аударушыларға берілген үйдің сапасына қатысты пікір айтты.

Өзгелердің жаңалығы