СҚО әкімі қоныс аударушыларға берілген үйдің сапасына қатысты пікір айтты

3 Шілде 2021, 17:15
8355
Бөлісу:
СҚО әкімі қоныс аударушыларға берілген үйдің сапасына қатысты пікір айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Қоныс аудару мәселесі біз үшін өте маңызды. Біз бұл бағдарлама аясында жұмыс жоқ өңірлерден бізге аударылған адамдарға жұмыс тауып бердік. Былтыр 1750 адам бізге қоныстанды. Оларға берілген үйлерге қатысты тексеру болды. Бұзушылықтар тіркелді. Үйлерге қызмет көрсету мерзімі бойынша мердігерлер 2 жыл бойы жөндеу мен қызмет көрсетуді жүзеге асыруы керек. Қазір бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Ақсақалов айтқандай, осы үшін 2 ауданның әкімі жұмыстан шеттетілді.

5 аудан әкімі ескерту алды. Қоныстанғандардың 88 пайызында көшіп келгенге дейін үй болмайды. Олармен кездесуде баспанамен проблема болғанын айтады. Біздің облысқа көшкендердің барлығы 100 пайыз үймен қамтылды. Бұл үйлер кепілдендірілген уақыт аясында қалпына келтіріледі, - деді ол.

Ақсақалов айтқандай, қазір құрылыс кезінде тұрғындар сол үйлерінде тұрып жатыр.

Олардың шаруашылығы бар. Сондықтан сол үйлерде қалуды жөн көріп жатыр. Бірақ оларға уақытша тұру орындары ұсынылды, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Құмар Ақсақалов СҚО-да картоп неге қымбаттағанын түсіндірген болатын.
Өзгелердің жаңалығы