Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады

4 Желтоқсан 2022, 16:21
1581
Бөлісу:
Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады
PHOTO

 Екібастұз қаласында жүрген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр телефон арқылы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа қалалық жылу желілеріндегі апаттың зардаптарын жою барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Вице-Премьер 4 желтоқсандағы таңертеңгі жағдай бойынша 5А, 5Б және 6 шағын аудандарда 11 тұрғын үйге жылу беру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Дайындық деңгейі жоғары, сондықтан кешке дейін олардың желілері (жертөлелер) жылуға қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар бұл үйлерде жылу радиаторлары мен жеткізу желілері ауыстырылып жатыр. Кешке пәтерлерде жылу беріле бастайды.

Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жылу берілген үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялары – кәріз құбырларын, сумен жабдықтау жүйелерін және т. б. ауыстыру қажет екенін және бұл жұмыстың Үкіметтің бақылауында екенін айтты.

Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады

Жылу толығымен берілмейінше жөндеу жұмыстарына тартылған бірде-бір ұйым бұл үйлерден кетпейді
Қазіргі уақытта барлығы 484 адам жұмылдырылған. Біз өз жұмысымыздың форматын толығымен өзгерттік, ол тәулік бойы жүргізіледі, — деді Роман Скляр.

Премьер-Министр барлық жұмыстарды тезірек аяқтап, тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады

Жұмысты жалғастырыңыз. Қалған үйлердің барлығына жылуды тезірек қосу керек, адамдар бір апта бойы жылусыз отыр. Ешкім мемлекеттің көмегі мен назарынсыз қалмайды, — деді Әлихан Смайылов.

Скляр Үкімет басшысына апат зардаптарын жою барысын баяндады
Өзгелердің жаңалығы