Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

8 Сәуір 2024, 10:38
225
Бөлісу:
Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды
PHOTO
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді.

Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.

Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.

Скляр су тасқынына қарсы бағытталған мобильді топтар құруды тапсырды

Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құратын боламыз, — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы