Скляр China Power International Holding Limited басшылығымен кездесті

3 Тамыз 2023, 14:31
603
Бөлісу:
Скляр China Power International Holding Limited басшылығымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding Limited компаниясының төрағасы Ван Зичаомен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мамыр айындағы сапары барысында China Power International Holding Limited компаниясы мен Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, SANY Renewable Energy арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Әңгімелесу барысында тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылап, энергетика саласындағы перспективалы жобалар туралы пікір алмасты.

China Power International Holding Limited компаниясының өкілдеріне ықылас таныта отырып Роман Скляр Қазақстан елімізге тікелей тартылған шетелдік инвестицияларды арттыруға үлкен көңіл бөлетінін, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Өз кезегінде компания төрағасы Ван Зичао екі ел арасындағы энергетика саласы бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тарапқа жобаны жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы