Скляр Алматы полиция департаментінің жұмысымен танысты

6 Маусым 2023, 13:12
787
Бөлісу:
Скляр Алматы полиция департаментінің жұмысымен танысты
Фото: polisia.kz

Алматыға жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық полиция пепартаментінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының полиция бөлімшелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау туралы тапсырмасының орындалу барысымен танысты. 

Роман Скляр ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқарудың қуатты кешені деп табылатын ПД жедел басқару орталығында болды.

Ол қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауға, қылмыстарды, тәртіпсіздіктерді, табиғи апаттарды, төтенше жағдайларды және басқа да жағдайлар бойынша қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге арналған.

Бүгінгі өмір жағдайында азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларға маңызды рөл беріледі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, бүгінде Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камералары қолданылады. ПД-ға іссапар барысында Роман Склярға бұқаралық іс-шараларды сүйемелдеу кезінде ресми тапсырмаларды жылдам орындауға мүмкіндік беретін байланыс кешенінің жұмысы да көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы