Әскери-техникалық мектептің курсанттары қан тапсырды

18 Қараша 2019, 15:29
2621
Бөлісу:
Әскери-техникалық мектептің курсанттары қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы қан орталығында донор ретінде 8 литр қан тапсырды.

Әскери қызметшілер медициналық тексерістен сәтті өтіп, әрбірі 450 мл қан өткізді.  

Негізгі ем-шара алдында медициналық қызметкерлер әрбір донордың қан тобын анықтап, орын алуы мүмкін жағымсыз әсерлермен ақпараттандырды.


Тәрбиеленушілер донорлық қанға мұқтаж жандарға шын ниетімен қол ұшын созып, көмек көрсетуде, - деді Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектептің директоры, полковник Мирас Жильгильдин.  

Әскери қызметшілер үшін ақысыз қан тапсыру дәстүрге айналған. Алматы қаласындағы әскери-техникалық мектепте білім алушылар жылына 7-8 рет қан тапсырады. Қалалық қан орталығына әрбір топтан 20-25 еріктілер барады. Жылына 60 литрден астам қан ауыр науқастарға жіберіледі.


Донор болу арқылы ең көп таралған инфекцияларға тұрақты медициналық тексерулер мен тегін талдаулар есебінен денсаулық жағдайын бақылау мүмкіндігін аласың. Донор дені сау екендігін және өзінің қанын тапсыру арқылы кейбіреулерге жәрдем ете алатынын біледі. Біз өз еркімізбен қан тапсырамыз. Бұл үшін қандай да бір материалдық сыйақы алмаймыз. Бұл әркімнің азаматтық борышы. Менің қаным біреудің өмірін құтқаратынына өте қуаныштымын, - деді тәрбиеленушілердің бірі Алмас Селбаев.

Өзгелердің жаңалығы