Өскемендік жас блогерлер ақша таратуда

14 Маусым 2019, 20:08
1551
Бөлісу:
Өскемендік жас блогерлер ақша таратуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендік жас блогерлер аялдамалардағы жарнама қағаздарының орынына темір ақшаларды іліп жүр. Айтуларынша, жолға тиындары жетпей қалатын жолаушыларға осылайша көмек көрсеткілері келеді екен.

Ерекше бастаманы қолға алған – Евгений Щетников пен Арман есімді жігіттер, деп жазады Аltaynews.kz. 

Адам өмірінде түрлі жағдай болуы мүмкін дейтін қос блогер, «Жолға тиының жетпей тұр ма, онда ала ғой» деген жазуы бар қағаз бен темір теңгелерді аялдамаларға жапсырған. 

Белсенді жастардың бұл қылығын әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылауда. Көпшілігі ризашылықтарын жеткізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы