Астана, BAQ.KZ. Өскемен-Алматы тасжолында қар құрсауында қалған 10 шақты жүк көлігі мен 14 жеңіл автомобиль эвакуцияланды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
«30 қаңтарда Өскемен-Алматы автожолында шамамен 9 жүк көлігі қар құрсауында қалған. Сонымен қатар жақын маңдағы дәмханада 20-дан астам адам болған, олар 14 жеңіл автокөлікпен жүрген. Оқиға орнына жедел құтқарушылар тобы жіберілді. Трасса екі жағынан қатар тазаланды», – делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 30 қаңтар сағат 13.20-дан бастап Өскемен-Алматы автожолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылған болатын.