Өскемен полициясы ескерту жасады

11 Сәуір 2020, 13:29
1659
Бөлісу:
Өскемен полициясы ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының полицейлері қосымша шектеу талаптарын бұзған кәсіпкерлерді анықтады. Бұл туралы Өскемен қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлерге берілген рұқсат қағаздары олардың күн сайын қала ішінде жүруіне мүмкіндік береді. Тек алдын ала бекітілген маршруттан ауытқымау керек.

Арнайы рұқсаты бар көлік құралдарының қозғалысы "Сергек" бейне жазу жүйесі арқылы бақыланады. Мониторингке сәйкес, барлық автокөлік иелері талаптарды орындамайтындығы белгілі болды.
Бүгін Өскемен аумағында шектеулі шаралар аясында рейд жүргізілді. Бір сағат ішінде тәртіпті бұзған және бекітілген бағыттар бойынша жүрмейтін 10 шақты автокөлік иелері анықталды. Патруль қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Жүргізушілерге маршруттардан бірнеше рет шыққан жағдайда, олар қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейін қамауға алынады, - деді Өскемен ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
проп.jpeg

 Коронавирустық инфекция кең таралған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, әлеуметтік қашықтық пен өзін-өзі оқшаулау инфекцияға және COVID-19 ауруына қарсы негізгі құрал болып табылатындығын атап өткен жөн.
 
Азаматтардың жаппай кептелуін азайту мақсатында төтенше жағдай аясында Өскемен және Семей қалаларында күнтізбелік күннің, оның ішінде жеке көлік құралдарының  өту режимі енгізілді.  Демалыс күндері жеке көлік құралдарының қозғалысына толық тыйым салынады.


Өзгелердің жаңалығы