Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

20 Тамыз 2019, 12:47
2647
Бөлісу:
Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты
Фото: автордан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елордадан 120 шақырым жердегі Ерназар ауылында «Ұлы дала мұрасы» IV Ұлттық Джамбори лагері өтті.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

Бұл лагерьде Қазақстаннын барлық облысынан және Ұлыбритания, Хорватия, Гонконг, Тайвань, Египет, Франция, Тунис және Үндістан секілді әлемнің 8 елінен 350 жуық скаут бас қосты.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

Жобаның негізгі мақсаты – қонақтарға Қазақстанның туристік тартымдылығын көрсету, ішкі және кіру туризмін дамыту болып отыр. Соның ішінде, жастар мен балалар туризміне жаңа серпін беру де назарға алынған.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

«Ұлы дала мұрасы» IV Ұлттық Джамбори аясында қатысушылар мен қонақтарды садақ ату, қылыштасу, арқанжолмен бір жағадан екінші жағаға өті, атқа міну, экстремалды тосқауылдардан ɵту, катапультадан ату, алғашқы медициналық көмек көрсету, бүркітпен аң аулау секілді дағдыларды үйренді. Сондай-ақ, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, отта бауырсақ пен палау пісіруді үйреніп, ұлттық салт-дәстүрлермен танысты. Айта кетсек, жасөспірімдер байланыс желісінсіз бір апта уақытын табиғат аясыда тиімді өткізді.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

«Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігі 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Катеновтың айтуынша, 1999 жылы Павлодарда алғашқы скауттар отрядтары пайда болған. Бірлестік 2008 жылы ресми түрде 170 ел мен 60 млн астам адам мүшелік ететін әлемдік ұйымға кірген. Скаут қозғалысы еліміздің барлық өңірінде дамып жатыр. Биылдың өзінде Павлодар, Қостанай, Ақкөлде 3 лагерь өткізген. Ұйымның Қазақстанның түкпір-түкпірінде 10 филиалы бар. «Жас скауттарға формальды емес білім береді. Мектеп пәндерді оқытса, біз дағдыларды үйретеміз. Бұл да үлкен білім беру жүйесі. 8 жылға арналған білім беру бағдарламамыз бар. Өмір сүруге қажетті дағдыларды алады. Мектепте оқытатын пәндер, мысалы математика, физика кейбір адамдарға кейін қажет болмай қалуы мүмкін. Ал біздің үйреткеніміз балалардың жетістікке жетуіне, жақсы өмір сүруіне септігін тигізеді. Тамақ дайындауды, тіл табысуды, креативті ойлауды, командамен жұмыс істеуді, жауапкершілікті, үй тазалауды үйренеді», - деді қоғамдық ұйымның бас хатшысы.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

Жасөспірімдер жыл бойы мектепте аптасына екі рет инструктормен мектепте оқиды. Жазда табиғатқа шықса, қыста қысқы лагерьлерге барады. Тіпті жас скауттардың адам құтқарып қалған кездері болған. Қазір Қазақстанда 2000 бала скаут қозғалысының бас-қасында жүр. Катенов мемлекет қолдайтын болса 2023 жылға қарай скауттардың санын 30 мыңға жеткізуге болатынын айтты.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

Скаут болу үшін жас маңызды емес. Бірақ білім беру бағдаралмасына қатысушылардың жасы 5 пен 23 жас аралығында болуы тиіс. Ал 18 жастан кейін кез келген скаут арнайы дайындықтан өтіп, инструктор бола алады.

Ұлттық Джамбори лагеріне басқа елден скауттар келген секілді қазақстандықтар да шетелде өтетін іс-шараларға барып тұрады.

«Басқа елден шақыру келеді, біз де оларға жібереміз. Жастар туризмі. Оларға қызық. Елімізге келіп тәжірибелерімен бөліскісі келеді, әрі мәдениет алмасады. Жыл сайын шамамен 10 елге барамыз. Ал бізге жыл сайын 15-20 елден скауттар келеді. Бізді бір принцип, заң біріктіреді. Галстук тағып, форма киеміз. Әр ел өз азаматтарын дайындайды. Әр елдің өз бағдарламасы бар», - деді бас хатшы.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

Бұл слетке қатысу тегін. Шара туралы ақпарат барлық филиалға жіберілген. Бүгін лагерьде жүрген қатысушылар мыңдаған өтінімдердің ішінен іріктелген.

Қостанай филиалының басшысы Хажмит Ғабдуллин 20 жылдан бері скаут қозғалысының айналасында жүрген азамат. Биылғы лагерьдің ұйымдастыру деңгейіне оң бағасын беріп, балаларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Ұлттық Джамбори идеясы сәтті шыққанын айтып, осындай лагерьлерді өңірлерде де өткізу ойда барын жеткізді.

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

«Қалыптаспаған балалар осында келіп жаңа қажетті дағдыларды үйренеді. Шетелдіктермен сөйлеседі. Қостанайда педколледжде 15 адамдық отряд бар. Жалпы 60 адам айналысады», - дейді ол.

Гонконгтан келген скаут Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын, өте қуанышты екенін жеткізді. Қазақстандағы ұйымнан шақырту алған. Біздің едің табиғаты әдемі, ауа райы жақсы, ең маңыздысы адамдары қонақжай, жомарт екенін айтады. Лагерьде жүріп көптеген шараларға қатысып, жергілікті тағамдардың дәмін татып, көңілді уақыт өткізген ол осыған дейін Қазақстан туралы білмеген. Шараға осы ел туралы көп білу үшін келген. 

Скауттар Ұлттық Джамбориде бас қосты

«Табиғаты әдемі, көптеген ұлттық ойындарды ойнадық, атқа мініп, садақ атттық. Түйе мен атты жақыннан көрдім», - деп ол әсерімен бөлісті.

Ал британ Адам Сейвори болса бауырсақ пісіру барысын тамашалап, алғаш рет биенің сүтінің дәмін татқанын жеткізді. Қазақстанға бірінші рет келгенін, Ұлттық Джамбори жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да айта кетті.

IV халықаралық скауттар слеті «Ұлы дала скауттары» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Жастар жылының аясында өтті. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы