Сіздер 8 ай бойы Ресейдің сылтауын естідіңіздер – Германия Сыртқы істер министрі

31 Қазан 2022, 13:40
2736
Бөлісу:
Сіздер 8 ай бойы Ресейдің сылтауын естідіңіздер – Германия Сыртқы істер министрі
Фото: автордан

Германияның федералды сыртқы істер министрі Анналена Бербок Орталық Азия мен Еуропадағы қазіргі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Менің елдеріңізге сапарым Еуропада соғыс жүріп жатқан уақытта сәйкес келіп отыр. Бұл біздің бүгінгі әңгімеміздің тақырыбына айналды, өйткені бұл соғыстың әсері осы жерде, яғни Орталық Азияда сезіліп отыр. Сіздер сегіз ай бойы Ресейдің Қара теңізге мұнай транзитін жиі тоқтатып, үнемі жаңа себептерді ойлап табуына тап болып отырдыңыздар. Қазан айының басында әлем қауымдастығы Нью-Йорктегі аннексия ойыны мүлдем ештеңені білдірмейтінін мәлімдеген кезде, Қазақстанның Ресей жағына шықпағанын көбірек мойындаймыз. Бас ассамблеядағы осы дауыс беру рәсімінде сенімді ережелері бар әлемде өмір сүру туралы және біз ең күштілердің ықпалын қабылдаймыз ба, ал кішігірім елдер үндемей қалуы керек пе дегендей, көп нәрсе талқыланған еді, - деді Бербок.

Неміс министрінің айтуынша, соңғы айларда Қазақстан халықаралық тәртіпті қолдайтынын және осы тәртіпті ортақ күш-жігермен сақтау үшін бүкіл жағдайды жасап отыр.

Қазақстан осындай қиын географиялық жағдайда айқын позицияны ұстанады. Бұл біздің үлкен құрметімізге лайық. Қазір біз әлемнің көптеген елдерінің өз ықпалын қалай кеңейтуге тырысып жатқанын көріп отырмыз.  Әскери күш арқылы ғана емес, сонымен қатар көбіне экономикалық транзакциялар арқылы екені байқалып отыр. Бұл үдеріс Еуропада да болып жатыр. Біз басқа экономикалық қарым-қатынастар – әділ, тең, ешқандай мәжбүрлеусіз, жасырын шарттарсыз болғанын қалаймыз, - деді ол. 

Еске сала кетейік, бүгін Мұхтар Тілеуберді Германия Сыртқы істер министрімен кездесті. 

Өзгелердің жаңалығы