Все новости за 25 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Атырауда ҰҚК қызметкері ұсталды
Атырауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне қылмыстық іс қозғалды. Оның ұсталғанын ҰҚК растады. BAQ.KZ бұл "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап хабарлайды.
-
Қазақстан мен Франция мәдени ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті
Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі төрт күнге жабылады
Астанада 25-28 қыркүйек аралығында Шәмші Қалдаяқов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі. Шектеу Тәуелсіздік даңғылынан Арыс көпіріне дейінгі аралықта енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жасанды интеллект министрлігі жаңа логотипін таныстырды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңа логотипін таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда халықаралық қазақ-корей ІТ университеті ашылды
Бүгін Түркістан қаласында "Woosong University Kazakhstan" университетінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
26 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны белгілі болды
Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша ертең, 2025 жылғы 26 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 33 инфекция бойынша сырқаттанушылық азайды
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ОКҚ-де өткен брифингте үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Оғыз дала мәдениетінің іздері" халықаралық көрмесі ашылды
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Оғыз дала мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Ақмола облысында «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» атты Еңбек күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, онда өңірдің үздік еңбеккерлері, еңбек әулеттерінің өкілдері, тәлімгерлер мен жас мамандар марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Келешек мектебінің басты құндылығы – экологиялық саналы ұрпақ
Қостанай қаласы №32 мектептің «Келешек мектептері» жобасы аясында жас экологтармен жұмыс жүргізу – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі. Қазіргі заманда экологиялық білім мен тәрбие беру тек мектеп қабырғасындағы пәндік біліммен шектелмей, балалардың практикалық дағдыларын дамытуға, табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысуына жол ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнай түсімі азайды. Ұлттық қор қалай толығады?
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономика” жобасында мұнайдың арзандауы және ұлттық қорға ақша қайдан түсетіні жайлы айтты. Осы орайда, сарапшы, әлемдік мұнай бағасының орташа жылдық деңгейінің әжептәуір төмендегеніне қатысты ой қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды
Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зүлфия Сүлейменова лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жібек шаруашылығы алғаш шыққан аймақты білесіз бе?
CIPCC-2025 журналистері Шицюаньда күріш алқабы мен жібек өндірісімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сианьн қаласынан.
-
Әлемдегі ең биік көпір ашылады
28 қыркүйекте Қытайда әлемдегі ең биік көпір ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі CGTN-ге сілтеме жасап.
-
Мұғалімдер мен дәрігерлер неше жерде жұмыс істей алады?
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек етуге құқылы. Бұл ретте жалпы жұмыс уақыты тәулік ішінде 12 сағаттан аспауы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Достық-Мойынты бағыты елге қандай пайда әкеліп отыр?
“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ “Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы” филиалының директоры Вадим Владимирович Копылов медиа-кездесуде “Достық-Мойынты” жобасының іске асырылуы мен елдің транзиттік мүмкіндіктерінің кеңеюі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттердің біріккен күш-жігері ғана сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді – елші
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық басқару бастамасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдап, бірден өз қолдауын жеткізген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Франция қазақстандық мамандарды тағылымдамадан өткізуге дайын
2025 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тегін тамақ, киім, жатын орын". Қазақстандық түрмеге түсу үшін қасақана қылмыс жасады
Ақмола облысының Аршалы аудандық соты терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген ер адамды екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол бұл қадамға түрмеде тегін тамақ пен киім болатынын көздеп барғанын мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курорты салынады
Kazakh Tourism Development Ltd. директорлар кеңесі Almaty Superski тау шаңғысы туризмін дамыту жобасының жаңартылған кешенді жоспарын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды
Қарағанды облысында Халықаралық жұмысшы жастар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2008 жылғы жаһандық дағдарыс қайта орала ма? – сарапшылар пікірі
2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы әлем экономикасына ауыр соққы болған еді. Қаржы жүйесінің күйреуі, банктердің банкротқа ұшырауы және нарықтағы дүрбелең көптеген елдерді рецессияға алып келді. Бүгінде сарапшылар арасында “сол сценарий қайталана ма?” деген сұрақ жиі қозғалады. Банктер капиталын күшейтіп, қатаң реттеу шаралары енгізілгенімен, жаңа қауіп-қатерлер пайда болып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Онлайн-ойынға тәуелділік: Жасөспірім анасы мен ағасын, екі әпкесін атып өлтірді
PUBG ойынына тәуелді болып, анасын, ағасын және екі әпкесін өлтірген жасөспірім сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанға ресми сапармен Италия президенті келеді
26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бірыңғай сатып алушының проблемасы энергетикаға қауіп төндіруде
Сенат отырысында Депутат Бекбол Орынбасаров бірыңғай сатып алушының проблемалары елдің энергетикалық жүйесіне қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Риддер көшелерінде аю жүр": Сенатор халыққа төнетін қауіпке алаңдаулы
Сенатор Қайрат Тастекеев жабайы жануарлардан халыққа төнетін қауіптің өсуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалім автобуста орын бермегені үшін балаға ауыр сөз айтатын үлкендерге үндеу жасады
Мұғалім Толқын Батырбайқызы қоғамдық көлікте орын беру мәселесіне қатысты үлкендерге үндеу жасады. Ол өз жазбасында кішкентай оқушыларға айқайлап, ауыр сөз айтуға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат түнгі клубтар мен барларға қатаң талап енгізуді ұсынды
Сенат отырысында депутат Бибігүл Жексенбай қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін көтеріп, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор Маңғыстауда шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды
Депутат Сүйіндік Алдашев Сенат отырысында Маңғыстауда шағын мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар жаңа қорғаныс деңгейі бар паспорттар ала бастады
Қазақстанда HDM-қорғаныс элементі бар жаңа үлгідегі паспорттар беріле бастады. Барыс бейнесі бар голографиялық белгі деректердің қауіпсіздігін арттырып, құжатты қолдан жасаудан қорғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1414-тен келген СМС: Ақтөбелік азамат 2 миллион теңгесінен айрылды
Ақтөбеде телефон алаяқтары 1414-тен келген СМС кодын сұрап, "қорғаныс несиесін" рәсімдетіп, ер адамды 2 млн теңгеден астам қаржысынан айырды. Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адамға қомақты өтемақы төленді
38 жыл жазықсыз түрмеде отырған ер адам 25 млн доллар (шамамен 11,6 млрд теңге) өтемақы алды. ДНҚ сараптамасы оның кінәсіздігін дәлелдеп, іс қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
-
"Ұстазыңды құттықта!": Қазақстанда мұғалімдерге арналған челлендж басталды
Қазақстанда 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында "Ұстаз – ұлт шамшырағы" онкүндігі өтіп, "Ұстазыңды құттықта!" республикалық челленджі басталды. Акция ұстаздардың мәртебесін көтеріп, қазақстандықтарды алғыс айтуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан дипломатиясы жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр – депутат
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров еліміздің сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, соңғы кезеңдерде Қазақстанның дипломатиясы ауқымды жұмыстар атқарып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚҚС-дан ауыл шаруашылығы мен негізгі азық-түлік өндірушілері босатылады
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін кезең-кезеңімен өсірудің әлеуметтік-экономикалық әсеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жеңілдетілген салық режимі: Кімдерге мүмкіндік берілмек?
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің жаңартылған тізімі 26 қыркүйекте жариялануы мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутаттар ШҚО-ның туризмін дамытудың жолын ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына Ұлықбек Тұмашинов бастаған бірқатар Мәжіліс депутаты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Вице-министр "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билет құнына қатысты жауап берді
Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбір санаттағы билеттердің бағасы 250 мың теңгеге дейін жетеді. Қазақстанның Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда студент қыз өз қатарласын ұрып-соғып, тепкілеп тастады
Атырауда колледж студентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қаладағы саябақтардың бірінде өз қатарласын ұрып-соққан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҚҚС өсімі бағаға қалай әсер етеді? Вице-министр түсіндірді
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен брифингте қосылған құн салығының жоғарылауы салдарынан бағаның қымбаттау ықтималдылығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүздеген жолаушысы бар екі ұшақ соқтығысты
Шереметьево әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
-
Түркия президентін полиция тоқтатты
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Нью-Йорк полициясы көшеде тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: БҰҰ саммиті, Тайфун Рагаса, Индонезияда оқушылардың улануы мен білім саласындағы дағдарыс
АҚШ-тағы БҰҰ климат саммиті, Қытай мен Тайваньды жайлаған супер тайфун Рагаса, Жапониядағы қаржы нарығы толқыны және Индонезиядағы мектеп улануы – соңғы тәуліктегі ең өзекті әлем жаңалықтары, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайырымдылықтан да қауіп бар: Қазақстанда қорлар қызметі қалай реттеледі?
2025 жылы Қазақстанда қайырымдылық саласында ірі алаяқтық әрекеттер әшкереленді. Мұқтаждарға көмек ретінде көрсетілген 4,8 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Қоғам назарын аударған даулы істерге қатысты жоғары сот процестері қорлар жұмысының ашықтығына күмән тудырып, бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетті. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі қайырымдылыққа деген сенімді қалпына келтіру үшін қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін анықтап көрді.
-
Сенат: Электрондық сауда тауарларына декларация жасалады
Сенат Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізетін заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тамақты тез жеу семіздікке әкелуі мүмкін
Тамақты қандай өнімдермен емес, қандай жылдамдықпен жейтініңіз де денсаулыққа әсер етеді. Ғалымдар тым тез тамақтанудың артық жеп қоюға, ас қорыту мәселелеріне және семіздікке әкелуі мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
TikTok-та "жылдам табыс" уәдесіне сенген тұрғын 2 миллион теңгесін жоғалтты
Қарғалы ауданының тұрғыны оңай ақша табамын деп алаяқтардың торына түсті. Telegram мессенджерінде ол TikTok-та бейнелерді қарау және лайк қойып отырғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1000-нан астам тексеру жүргізді
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1019 тексеру жүргізді.
-
Халықаралық білім беру корпорациясында 339 орындық жатақхана ашылды
Алматыда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) 339 орынға арналған жаңа Студенттер үйі ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда сауда базарынан өрт шықты
Бүгін түнде Алматыдағы Алатау ауданының Солтүстік айналым шағын ауданында орналасқан сауда базарында өрт шықты. Тез тамақтану дүңгіршегінен басталған жалын металл контейнерге ауысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"Дрондар шайқасы": Таразда әскери операторлар FPV-дрондарда шеберлігін көрсетті
Құрлық әскерлерінің "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы алғаш рет ҰҰА операторлары арасында ерекше жарыс ұйымдастырды. "Дрондар шайқасы" деп аталған сайыста әскери қызметшілер FPV-дрондарды басқару шеберлігін сынға салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді
Алматыда ауаның ластануын азайту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Зардап шеккендер жоқ: 6,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.
-
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластануы мүмкін
Бүгін, 25 қыркүйекте еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Бір қателік ауыр зардапқа әкелуі мүмкін": Тау-кен ісіндегі алып техниканы кімдер тізгіндейді?
Жүкті өзі түсіретін (самосвал) көліктерді күнделікті өмірде көріп жүрміз. Ал биіктігі 2-3 қабатты үймен тең келетін, 40 тоннадан 500 тоннаға дейінгі жүкті көтеретін карьерлік көліктерді көпшілік біле бермейді. Алып жүк көлігі негізінен тау-кен өндірісі мен ірі құрылыс жұмыстарына арналған. BAQ.KZ тілшісі KAZ Minerals-тың Бозшакөл ашық кенішінде жүкті өзі түсіретін карьерлік көлікті (карьерный самосвал) тізгіндеп жүрген Әзізхан Тасқұловпен сұхбаттасты. Бір қызығы бұл кеніште Әзізханның туған інісі Әділхан Тасқұлов та жүкті өзі түсіретін карьерлік көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.
-
Трамп: Харрис 2024 жылғы сайлау туралы сөздері үшін кешірім сұрауы керек
АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы вице-президент Камала Харристі 2024 жылғы сайлау нәтижелері жөнінде айтқан сөздері үшін кешірім сұрауды талап етті. Ол бұл туралы Truth Social желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Климаттық қадам: Қазақстан метан шығарындыларын азайтуға кіріседі
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Global Methane Hub атқарушы директоры Марсело Мена метан шығарындыларын мониторингтеу және азайту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлемдегі ең қымбат кофе Гиннестің рекордтар кітабына енді
Дубайдағы Roasters Specialty Coffee House кофеханасы әлемдегі ең қымбат кофе ұсынып, Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Бұл ерекше сусынның құны – 2 500 дирхам (шамамен 6 680 доллар), деп хабарлайды BAQ.KZ ЕАdaily прталына сілтеме жасап.
-
Нетаньяху: Палестинаны басқа елдердің мойындауы Израильді ештеңеге міндеттемейді
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Палестинаның мемлекеттілігін тану туралы шешім қабылдаған бірқатар елдердің әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
"Астана Балет" театры Кореядағы әлемдік би фестиваліне қатысады
Корея Республикасының Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтетін "Cheonan World Dance Festival 2025" халықаралық форумына қазақстандық "Астана Балет" театры қатысады. Әлемнің түкпір-түкпірінен би ұжымдарын жинайтын ауқымды шара осы күндері Чхонанды нағыз әлемдік би орталығына айналдырады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ таза энергияға көшу қарқынында Қытайдан артта қалды
АҚШ жаңартылатын энергияға көшу жылдамдығында Қытайдан айтарлықтай қалып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Backstreet Boys қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтты
Атақты америкалық Backstreet Boys тобы Қазақстандағы гастролін ерекше ықыласпен еске алды. Әлеуметтік желідегі парақшасында музыканттар отандық жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен жомарттығына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Рагаса" тайфуны Қытайға жетті: 2 млн адам эвакуацияланды
"Рагаса" тайфуны Қытайдың оңтүстігіне соқты, алдын ала мәлімет бойынша екі миллионға жуық адам эвакуацияланды. Табиғи апаттың алдында Тайваньда су тасқыны болып, кемінде 17 адам қаза тауып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Наверх