Все новости за 5 маусым 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Цифрлық даму министрлігі Астана аспанындағы белгісіз нысандарға қатысты түсініктеме берді
Бүгін, 5 маусым күні түнде Астана, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерінің тұрғындары түнгі аспанда ерекше жарқыраған нысандарды байқады.
-
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы отқа оранды
Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы – Ташкент» халықаралық автожолының 553-шақырымында жолаушылар автобусы өртенді.
-
Астана аспанындағы белгісіз нысандар: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
ҚР Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындары байқаған аспандағы белгісіз нысандарға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
-
Өскеменде экологиялық талаптарды бұзған комбинат 24 млн теңге айыппұл арқалады
Өскеменде жүргізілген жоспардан тыс экологиялық тексеру нәтижесінде "ҚК ТМК" АҚ (Өскемен титан-магний комбинаты) 24 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
-
Астана аспанында белгісіз нысандар байқалды
Бүгін, 5 маусым күні кешке әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан белгісіз нысандарды байқағанын жарыса жазуда.
-
Таразда 17 млн теңге бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша үкім қайта қаралды
Тараз қаласында пандемия кезінде мектеп оқушыларына қашықтан оқытуға арналған кеңсе техникасын сатып алу барысында орын алған 17 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім қайта қаралды.
-
Қазақстан-Андорра футбол матчы кезінде ауқымды флешмоб өтті
Астанада Экология күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында флешмоб өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шұғыл көмекке мұқтаж бір жасар сәбиді ТЖМ тікұшағы қалаға жеткізді
Баланы аман алып қалу үшін ҚР ТЖМ тікұшағы қажет болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Үндістан сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
Үндістан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Үндістан» іскерлік кеңесіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тараз-Шымкент трассасында 205 тонналық жүк көлігі апатқа ұшырады
Тараз - Шымкент автожолында ірі габаритті жүк көлігімен орын алған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізден шетелге 60 тонна қорғасын шығармақ болғандар ұсталды
Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіптік білім – келешек кепілі: Халықаралық додада кім топ жарды
Ақтауда «DOSTI Skills» халықаралық достық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақбас сиыр – ұлттық мақтаныш": Мал шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті
Астанада Мал шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда Neo Nomad визалық режимі енгізілді
Елімізде шетел азаматтарына арналған жаңа Neo Nomad визалық режимі енгізілгені мәлім. Аталған виза қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған. Енді заманауи көшпенділер елімізде бір жылға дейін тұрып, шетелдік компаниялардағы жұмысын жалғастыра алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкент-Мюнхен тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қарабаев көлік саласындағы жетекші неміс компанияларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Азия чемпионаты: Қазақстанның құрамасы медаль иеленді
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
МӘМС қызметкерлері 30 мың адамды өтірік "тіркеп", ақша жымқырған
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дәрігер: Қан тапсыру – жастық пен саулықтың кілті
Қан – тіршіліктің тамыры. Адам өмірі үшін қанның маңыздылығы айтпаса да түсінікті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жоғарғы сот: Шерзаттың өліміне тікелей себеп болған соққыны Абзал Шынасыл жасаған
Бүгін сот Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сакиевті 20 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат Болат ісі: Дана Сәрсенбай үндеу жасады
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбай өзінің атын, суретін және қызметтік мәліметтерін пайдаланып әлеуметтік желіде жалған аккаунттар ашылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады
Алдағы күндері Астана мен Алматыда құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын мен бұршақ күтіледі.
-
Сотталушылар Шерзат Болаттың отбасына моральдық өтемақы төлейді
Сотталушылар марқұм Шерзат Болаттың отбасына моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат сотындағы екі әйел де тергелетін болды
Шерзат Болат ісі бойынша сотта екі куәгер әйелге қатысты қаулы шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат Болат ісі. Абзал Шынасыл бостандыққа тек 2048 жылы шығады
Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат Болат ісі: 9 сотталушыға үкім шықты
Шерзат Болаттың ісі бойынша үкім шықты. Үкімді судья Ержан Жанұзақов оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот процесі
Бүгін Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы тікелей эфирде қайта жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық банк азық-түліктің неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Бүгінгі таңда Қазақстандағы инфляцияға ең көп үлес қосып отырған – қызмет көрсету саласы.
-
"Соңғы аялдама": Елордада нашақорлық тақырыбын қозғайтын әлеуметтік трагедия қойылды
Астанадағы «Жастар» театрының сахнасында көрерменге «Соңғы аялдама» атты әлеуметтік трагедия қойылымы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанадағы LRT құрылысының жартысы аяқталды
Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан экономикасы 2026 жылы баяулайды
Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 2025 жылы 6%-ке дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Инфляция қанша пайызға жетуі мүмкін – Ұлттық банк болжамы
Қазақстан Ұлттық банкі 2025-2027 жылдарға арналған жаңартылған инфляциялық болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоқыссыз болашаққа қадам: Теңізде еріп кететін пластик шықты
Теңізде еріп кететін пластик шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
-
Қайтарылған қаржы – ауылға: Ақтөбеде 12 жаңа нысан салынады
Президенттің бастамасы және Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің жұмысы арқасында мемлекетке едәуір қаражат қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент киберқауіпсіздік пен ЖИ саласындағы жетістіктермен танысты
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорлдаға сілтеме жасап.
-
Енді Ыстамбұлға Қарағандыдан тікелей ұшуға болады
Қарағандылықтар енді Түркияға тікелей тұрақты рейспен ұша алады. 4 маусымнан бастап Қарағанды – Ыстамбұл жаңа халықаралық бағыты жазғы маусымға қазақстандық FlyArystan лоукостерімен іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскерге күштеп алып кетпес үшін не істеу керек? – министрлік жауабы
Әр азаматқа әскерге шақырту келсе, әскери басқармаға келуі керек. Бұл туралы Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы өзгеріссіз қалдырды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл оқушысы: Маңғыстаулық бала минутына 17 мың сөз оқиды
Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде автобус жүргізушісі қызылға өтіп, жасөспірімді қағып кетті
Ақтөбеде маршруттық автобус жүргізушісі велосипедпен жолдан өтіп келе жатқан кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақтөбе қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Құрбан айт қарсаңында ет қаншаға қымбаттады
Қазақстанда Құрбан айт мерекесі қарсаңында ет қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрбан айт: қандай сақтық шараларын білу керек
Қасиетті "Құрбан айт" мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында "құдайы тамақ" беру ұйымдастырылатын кезеңі.
-
Сенат "Аумақтық қорғаныс туралы" заңды мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында анасы 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр.
-
Жазда қандай тағамдарды жеген дұрыс?
Диетолог, Астана Медицина Университеті жанындағы академик Е. Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институты жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген жазда қандай тағам жеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Заңсыз экспортқа жіберілген 60 тоннадан астам қорғасын шетелге жетпей қалды
Шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды.
-
Қазақстанға Болгария президенті ресми сапармен келеді
8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
БҚО-дағы қайғылы жағдай: 5 баласынан айырылған отбасыға баспана беріледі
Батыс Қазақстан облысында өрт салдарынан 5 баласынан айырылған отбасыға баспана берілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Үлкен ауылын ауқымды өзгеріс күтіп тұр": АЭС салынатын өңірде индустриалды аймақ құрылады
Алматы облысының Үлкен ауылында жақын уақытта атом электр станциясы бой көтереді. Қазір қазақстандықтар ауқымды құрылыстың басталуын асыға күтіп жүр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ТОП-20: Қазақстан алтын қоры бойынша жетекші елдер қатарына енді
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемдегі жетекші 20 елдің қатарына енді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды
АҚШ президенті Дональд Трамп қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Құрамында есірткілік зат болған": Мармелад жеген екі бала комаға түсті
Нидерландыда кішкентай бала Haribo компаниясының каннабис қосылған шайнайтын кәмпитін жегеннен кейін комаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арам өлтірмеген: соққан сиырын сойып, етін салып алған азамат
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында тас жолда көлік сиырды қағып кеткен. Көлік басқарған жүргізуші малды сол жерде сойып, етін үйіне салып алып кеткен. Артынша сиыр иесімен дау сотта медиация тәртібімен шешілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский Путиннің қоқан-лоққысына жауап беріп, ресейлік меморандумды "ультиматум" деп атады
Украина президенті Владимир Зеленский Америка көшбасшысы Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің 4 маусымда болған телефон әңгімесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ УНИАН-ға сілтеме жасап.
-
Мәдениет: Қазақстан мен Италия екіжақты ынтымақтастықты кеңейтпек
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Неаполь қаласында өткен ЮНЕСКО-ның "ХХІ ғасырдағы мәдени мұра" атты екінші конференциясына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанда нөсер жауын салдарынан 44 адам қаза тапты
Үндістанның жеті штатында нөсер жауын, су тасқыны мен көшкін салдарынан 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV-ға сілтеме жасап..
-
5 маусымға арналған валюта бағамы жарияланды
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еурокомиссия Болгарияның еуроға өтуін мақұлдады, оппозиция наразылық шерулерін өткізуде
4 маусымда Еурокомиссия мен Еуропалық орталық банк (ЕОБ) Болгарияның 2026 жылдың басынан бастап левтен еуроға өтуін мақұлдады.Алайда елде бірнеше айдан бері ауқымды наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Трамп пен Путиннің телефон қоңырауы: АҚШ пен Ресей президенттері нені талқылады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Каспийдің толқыны: теңізде сапбордпен жүзіп жүрген жасөспірімді ағыс алып кеткен
Каспий теңізінде сапбордпен жүзіп келе жатқан жасөспірімді ағыс алып кеткен. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх