Все новости за 1 шілде 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Павлодар базарларында картоп пен өріктен рұқсатсыз нитраттар табылды
Павлодар облысында жүргізілген "Қауіпсіз өнімді таңда" акциясы аясында жеміс-көкөністер мен бақша өнімдерінен нитраттардың артық мөлшері анықталды.
-
Алматы тауларында жоғалған жасөспірім табылды
Алматы маңындағы таулы аумақта жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім аман-есен табылды.
-
Айбек Оралбай Астанадағы Әлем кубогын жеңіспен бастады
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады.
-
Қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғын жауапқа тартылмайды – полиция
Желіде тарап жатқан "Алматы облысында қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғын қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
-
Әлем кубогы: Серік Теміржанов ширек финалға жолдама алды
Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
-
«Қазақстан авиациялық индустриясы» қызметкерлері депутаттарға көмек сұрап жүгінді
Ұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарына жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша еліміздегі жалғыз отандық кәсіпорын жабылу алдында тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәжіліс депутаты Талғар мен Қонаевтағы туристік нысандарды аралады
Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова өңірлерге жұмыс сапары барысында Алматы облысындағы бірқатар туристік нысанды аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы «Семиглавый Мар» станциясына жетті
2025 жылғы 1 шілдеде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына келді. Алғашқы аялдама — «Семиглавый Мар» станциясы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда жылу тарифтері 77 теңгеге арзандайтын болды
Жетісу облысының прокурорлары негізсіз көтерілген жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем кубогі: Қазақстан боксшысы келесі айналымға өтті
Әлем кубогі аясында Қазақстан боксшысы Надежда Рябец Панамерика ойындарының чемпионын жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Талдықорғанда 5 мың домбырашы жаңа рекорд орнатты
Бүгін 1 шілде күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала үні» атты кең ауқымды облыстық мерекелік флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау облысында қытайлық компания терең ұңғыманы бұрғылауға кірісті
«Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V.» компаниясы Маңғыстау облысындағы Сай-Өтес учаскесінде 5500 метр тереңдікте C-1 іздестіру ұңғымасын бұрғылауды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жыл соңына дейін 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады
Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Qazcontent қалай өзгере бастады?
Бүгін елордада Qazcontent АҚ кеңсесінде ашық есік күні өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі мен медиа серіктестер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар мамандық таңдауда қайдан көмек ала алады?
2024 жылдан бастап Қазақстанда жоғары сынып оқушыларына және кәсіби бағдарын жоспарлап жүрген жастарға арналған «Мансап компасы» инновациялық платформасы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Руанда Президентіне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Асхат Аймағамбетов жазғы демалысты қалай өткізу керегін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазғы демалыстың балалардың дамуына әсері туралы өз пікірін білдірді. Ол ұзақ каникул кезінде оқушылардың босаңсып кетпей, білімін әрі қарай толықтырып, эмоционалдық және физикалық тұрғыда дамуын жалғастырудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда сел жүру қаупі жоғары аймақтар аталды
Алматыда сел жүру қаупі жоғары 28 учаске анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мұғалім жалақысы, жемқорлық және газетке жазылу: Бас ұстаз не өзгеретінін айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Qazcontent медиа саласын жаңа деңгейге көтеріп жатыр
Қазақстандық медиакеңістікте ауқымды трансформация жүріп жатыр. Бұл өзгерістердің алдыңғы шебінде – Qazcontent акционерлік қоғамы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағандыда мас жүргізуші қоқыс таситын көлігімен полицейлерден қашпақ болды
Қарағандыда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде рөлге отырған қоқыс таситын көліктің жүргізушісін қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қайтарылған активтердің 160 млрд теңгесі сумен жабдықтауға бағытталды
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында елімізде азаматтарды сумен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда. Осы мақсаттарға бірнеше қаржы көздерінен, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржы бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем кубогі: Боксшы Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші күнінде Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құрғақшылық жайлайтын аймақтар аталды
Шілде айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Анасы қайтыс болғаннан кейін бірнеше күн аш қалған сәби тірі табылды
Анасы қайтыс болғаннан кейін бірнеше күн аш қалған сәби тірі табылды
-
Алмалылықтар жиі жарықсыз қалуда – әкім себебін түсіндірді
Соңғы уақытта Алматы қаласында электр қуатынының жиі сөнуі байқалып, тұрғындар наразылығын тудыруда. Алмалы ауданында жарықтың өшіп қалуына электр желілерінің қатты тозуы себеп болып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Арман Шамшин айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жақсы мұғалімдерді мектепке тартуға жағдай жасадық – депутат
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Бұл білім ордасы "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы мен "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Құрылыс барысымен Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем кубогі: Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда жеңіске жетті
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші күнінде Махмұд Сабырхан келесі айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сотталғандар грант иегері атанды
Қызылордада пробация есебіндегі сотталған бес азамат мемлекеттік грант ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ға сілтеме жасап.
-
"Теңге тағы әлсіреді". Ұлттық Банк себептерін түсіндірді
Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін 1,7 пайызға әлсіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Туристерге Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі Жұмбақтас жартасына көтерілуге қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлем кубогі: Әнел Сақыш өзбек қызынан жеңіліп қалды
Елордада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жүрек ақауын жатырда анықтау: Қазақстанда жаңа диагностика енгізілді
Қазақстанда ұрықтағы туа біткен жүрек кемістіктерінің 74%-ы бала туғанға дейін анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жүргізуші туралы бәрін білетін "ақылды" камералар іске қосылады
1 шілдеден бастап Алматыда жаңа цифрлық бақылау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ШЫҰ-ның рөлін нығайту – Қазақстанның басты басымдығы
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанадағы Талдыкөлге қатысты тексеру жүріп жатыр
Астанадағы Кіші Талдыкөл суын сорып алу фактісі бойынша толық тексеру жүргізіліп жатыр. "Құрылыс компаниясы Кіші Талдыкөлдің суын сорып алған" деген шағым бассейндік инспекцияға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Судьяларға арналған сынақ мерзімі қысқарды
Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру мерзімі 1,5 жылдан 3 айға дейін қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл Астанада су тапшылығы болмайды – министр
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда кассациялық соттар құрылды
Қазақстанда сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Таиланд премьер-министрі қызметінен шеттетілді
Таиланд Конституциялық соты елдің премьер-министрі Пэтонгтарн Чинаватты қызметінен уақытша шеттету туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов ұсталды
Бұрынғы Еңбек вице-министрі, кейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы болған Ақмәди Сарбасов ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Мұрны сынған, миы шайқалған": Алматыда жасөспірімге қатыгез шабуыл жасалды
Түрксіб ауданында жасөспірімге қатыгез шабуыл жасалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп баж салығын Жапонияға енгізбек, Ливия маңында танкер жарылды
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Су есептеу жүйесі толық цифрландырылады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл жұмыс 2027 жылға дейін аяқталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі 53 ауылға алғаш рет ауыз су тартылады
Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құлағы жыртылған: Алматы облысында иттер 10 жасар баланы талап тастады
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында үш төбелеске бейім ит – бір питбуль және екі ротвейлер 10 жасар балаға шабуыл жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектеп директоры мемлекет ақшасына коттедж, пәтер және көлік сатып алған
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласы әкімдігіне қарасты «№81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа Көлік министрі ант қабылдады
Кеше Мемлекет басшысы жарлығымен тағайындалған Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысы алдында ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанның 10 өңірі ауыз сумен 100 пайыз қамтылды
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанның 10 өңірінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға дейін жеткенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлем кубогі: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
Елордада бокстан әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Газа секторында әуеден жасалған соққыдан 74 адам қаза тапты. Куәгерлер не дейді?
1 шілдеде Израиль әскерінің әуеден жасаған соққысынан Газа секторында кемінде 74 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі AP news-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін Қарулы күштерде сержант күні тойланып жатыр
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде сержант күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы моделі енгізілді
1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еуропада демалыс кезінде қайық реактивті шаңғымен туристі қағып кетті
Ұлыбританиядан келген турист сүйіктісімен Испанияда демалыс кезінде реактивті шаңғымен сырғанап, қайықпен соқтығысқаннан аман қалмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 денсаулық сақтау нысаны салынуда
Елімізде Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғасуда.
-
Бүгін үш қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға 23 миллион теңге аударған
Ақмола облысының 58 жастағы тұрғыны құқық қорғау органдарына көмектесіп жатырмын деп ойлап, алаяқтарға 23,6 миллион теңге аударып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ербол Мырзабосынов садақ атудан ұлттық құрама спортшыларын марапаттады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов садақ атудан Сингапурде өткен Азия кубогінің екінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылармен және бас бапкермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Шығыс" өңірлік әскерінің бұрынғы қолбасшысы ұсталды
Антикор отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.
-
"Оларға жай ғана хат жазамыз": Трамп Жапонияға баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
Трамп келіссөздер тығырыққа тірелген кезде жапон тауарларына жаңа тарифтер енгізуді жоспарлап отыр. Токио америкалық күрішті импорттағысы келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Politico басылымына сілтеме жасап.
-
Ливия маңында 1 миллион баррель мұнай тиеген танкер жарылды
1 миллион баррель мұнай тасымалдаған Vilamoura танкері Ливия жағалауында жарылыс салдарынан зақымданған. Зардап шеккендер мен мұнай ағуы болған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
-
Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз қатынайды
Ақтөбе – Астана бағытында қосымша пойыз қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 шілдеде барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 1 шілдеде барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында
Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 2027 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салынады
2027 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Абай облысында 200 полицей бір мезетте "Адай" күйін орындады
Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх