Все новости за 16 мамыр 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Петропавл қаласында су сору жұмыстары жалғасып жатыр
Петропавл қаласында су сору жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды
Семейде бұған дейін хабар-ошарсыз кетіп, іздеу салынған ағайынды жасөспірімдердің бірінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қазгидромет" ескертеді: Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Атыраудағы Индербор кентіне кірме жол ашылды
Республикалық маңызы бар "Атырау-Орал" тасжолының Индербор кентіне ұзындығы 7 шақырым болатын кірме жол қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау: Сарайшықта су кірген зираттарға жанама бөгет соғылып жатыр
Атырау облысы Сарайшық ауылында өр суының қатты ағыспен келуі салдарынан, елді мекеннен 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық тасымалдаушыларға 800-ге жуық электрондық рұқсат бланкісі берілді
Халықаралық автомобиль жүктерін үшінші елдерге/елдерден тасымалдауға рұқсат бланкілерін беру процесі жеңілдетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әр шаршы метрге 400 мың теңге деген ауадағы ақшаны сұрамаймын – Құлсары тұрғыны
Құлсары қаласының тұрғыны Жайлаш Мұқанова мен әр шаршы метрге 400 мың теңге деген ауадан алынған ақшаны сұрамаймын.Үйімнің әр 1 шаршы метрі 240 мың теңгеден бағаланса ризамын деген ойын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмолада полицейлер 60-тан астам адамды алдаған күдіктіні анықтады
Ақмола полицейлері алпыстан астам адамды алдаған елорданың 32 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында 2800-ден аса жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Латвия көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр
Көлік министрі Марат Қарабаев латвиялық әріптесі Каспарс Бришкенспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент пен Малайзияның Премьер-министрі "Ақорда" резиденциясының ауласында серуендеді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ануар Ибрагим "Ақорда" резиденциясының ауласында серуендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында қызметтік иттердің көмегімен 90-нан астам қылмыс ашылған
Алматы облысының полицейлері қызметтік иттердің көмегімен 90-нан астам қылмысты ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
ҚТЖ: Биыл жазда 4,2 млн-нан аса жолаушы тасымалдау жоспарланған
Алматы қаласында Алакөл көлі бағытындағы жазғы тасымалдарды ұйымдастыру бойынша ҚТЖ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы, туристік операторлар және демалыс базаларының иелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша 102,5 мың га алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.
-
Алматыда сот шешімімен заңсыз коммерциялық нысан сүріледі
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Шұғыла шағын ауданындағы Жуалы көшесі, 88 учаскедегі асхана мен дүкен бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеу саласын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен кездесуі барысында екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың серпінді даму қарқыны атап өтілді және екі ел экономикасын бірлесіп жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласын дамытуға ниетті
2024 жылғы 15-17 мамырда Қазақстанға Министрлер Кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута бастаған Біріккен Араб Әмірліктерінен делегация келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалімдер оқушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады
Астанада «Орта білім беруде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру» атты педагогтерге арналған республикалық шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік қызметшілер БАӘ мен еліміз арасындағы үкіметаралық бағдарлама аясында білім алуда
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық аясында «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тасқыннан зардап шеккен ақтөбелік балалар қайда демалады
Ақтөбе облысында биылғы су тасқыны кезінде үйлерін су басқан отбасылардың балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Астанада бүгіннен бастап Тәуелсіздік даңғылы жабылды
Тәуелсіздік даңғылының учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ
Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мас күйінде қайтадан рөлге отырған 45 жүргізуші сотталды
Заңнамада көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз Франциямен кинематография саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті
Астана қаласында Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Петропавлда электр энергиясының құны төмендетілді
Петропавл қаласы және СҚО-ның бірқатар ауданында бизнес үшін электр энергиясына бағалар төмендетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақордада Малайзия Премьер-министрін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Стандартқа сәйкес келмейді. Депутат жол сапасы сын көтермейтінін айтты
Сенатор Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы жол салу сапасын сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Гагарин даңғылының тарихи бөлігі өзгеріссіз қалады
Төле би көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықтағы даңғылдың бульварлық бөлігі туралы айтылып отыр.
-
Су тасқыны. Атырау әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті
Өңір басшысы Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
-
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы еліміздің тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда өте сирек кездесетін ақшыл секпілгүл бүр жарды
Алматыда ботаникалық бақтың Альпинарий жабық коллекциялық учаскесінде Ақшыл секпілгүл өсімдігі гүлдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жанар Айтжан қызметінен кетті
Жанар Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Индербор кентіне апаратын жол бүгін ашылады
Индербор кентіне кірме жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында 2 су қоймасы салынады
Қарағанды аймағында 237 су қоймасы бар. Оның дені тозығы жетіп, ескірген. Алдағы уақыттары облыстың бірқатар су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілмекші, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Баянауылда қарақұрт қаптай ма? «Қара жесірден» қалай қорғану керек
«Баянауыл» табиғи-ұлттық паркінің қызметкерлері қарақұрттардың жұмыртқаларын жою шараларын бастады. Биыл «қара жесірден» келетін қауіпті болдырмау үшін кешенді жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бейжіңде Путин мен Си келіссөздер жүргізді
16 мамырда Ресей Президенті Владимир Путин Қытай астанасы Бейжіңге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Халық онлайн газетіне сілтеме жасап.
-
ҰБТ-2024: Су тасқыны болған өңірлердің түлектеріне жеңілдік беріле ме
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ОКҚ-да өткен брифингте су тасқыны болған өңірлердің талапкерлері ҰБТ-ны 25 мамырдан бастап тапсыра алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тілді түзеу керек болса, контентті түзе – Шиповских
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских қоғамда кеңінен талқыға түсіп, тіпті арнайы заң қабылдануға әкелген тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әшімбаев Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспортының азаюы туралы айтты
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаржы мониторингі агенттігі үшжақты келісімге қол қойды
ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов, "Атамекен" ҰКП басшысы Райымбек Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатор: Тұрар Рысқұловты өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғыру – әбестік
Сенатор Дархан Қыдырәлі тарихқа байыппен қарау керектігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты
Сенатор Андрей Лукин сирек металдарды өндіру саласын дамыту туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Махамбет ауданының тұрғындарына психологиялық қолдау көрсетілді
Атырау облысының психологтары эвакуацияланған адамдармен әңгімелесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілгені жөн – Дүйсенова
Аймақтарда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде алты айда 9 462 интернет алаяқтығы тіркелді
Қазақстанда интернет алаяқтығы қылмыстың ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады және жалпы қылмыс деңгейі 15%. Сенатор Евгений Больгерт өзінің депутаттық сауалында киберқылмыспен күрес шараларын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1 комбайн үшін 8 300 000 теңге. Депутат техникаға кәдеге жарату алымын жоюды ұсынды
Сенатор Әли Бектаев ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын жоюды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Белгілі бір сырқат бойынша дәрі-дәрмектерді тегін алу үшін сақтандыру мәртебесі болуы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сақтандыруға міндеттелуі мүмкін
Сенатор Бибігүл Жексенбай төтенше жағдайдың залалын өтеудің жаңа тәсілдерін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады
Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыдағы көкнәр алқабына қалай баруға болады
Әлеуметтік желілерде алқызыл түске боялған гүлдердің Алматы тауларымен үндескен сүреттері көпшілікті сүйсінтті.
-
Алматылық волонтерлер зардап шеккен өңірлерге 592 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Көмек жинау пунктінде 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымдар, 200 волонтер және 100-ден астам курсанттар көмектескен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері талқыланды
Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова және Өзбекстан Республикасы Президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов Астанада Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективаларын талқылау үшін кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар Skills Enbek-те Data Scientist бойынша тегін оқи алады
Enbek.kz электрондық еңбек биржасының экожүйесінің бөлігі болып табылатын Skills Enbek білім беру платформасында жаңадан бастаушылар мен оқуды жалғастыратын азаматтарға арналған тегін курстардың тізімі Data Science, Python, интернет-қауіпсіздік, product және HR-менеджмент курстарымен кеңейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінді – министр
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Тозған техника, дегбірі қашқан дихан". Жетісудағы шаруалардың жағдайы қалай
Жетісуда ауыл шаруашылығына тиесілі 22,3 мың бірлік техника бар. Бірақ оның жартысынан көбінің тозығы жеткен. Қазір шаруалар бірінікін-бірі пайдаланып күнелтіп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық оқушылар жазғы демалысын қалай өткізе алады?
Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева биыл жазда балалар демалысы қалай ұйымдастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестивалі өтті
Елордада үшінші жыл қатарынан «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Павлодарда өзгенің атына несие рәсімдеген лудоман ұсталды
Павлодарда полицейлер өзгенің атына миллион теңгеден астам несие рәсімдеп, жәрдемақыны да алып алған лудоманды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
СҚО-да су басқан аймақтарда мониторинг жүргізілді
ТЖМ құтқарушылары СҚО-ында су басқан аймақтардан су сору жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
25 мамыр. Астанада мектеп бітіру кешіне рұқсат етілмейтін болды
Астана қаласында мектеп бітірушілерге кеш өткізуге рұқсат етілмейтін болды. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қостанай-Алматы" бағытындағы ұшақ жолаушысы көз жұмды
FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Осыған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
24 жылға сотталған Бишімбаев бостандыққа шыға ала ма?
Әділет министрінің орынбасары Бөтагөз Жақселекова жақында 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет Жайық өзеніндегі су деңгейінің 16 мамырда сағат 12:00-ге өзгеруі бойынша ақпарат берді (сағат 8.00 салыстырғанда), деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҰБТ-2024: Талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде тест тапсырады
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов талапкерлердің неше пайызы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ қашан өтеді
ОКҚ алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов негізгі ҰБТ-2024 жайлы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Бекет-2024" кешенді оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Қорғаныс кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар нысандарды аралап, ведомствоаралық жаттығудың негізгі элементтерінің пысықталуын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шет ауданында су тасқынынан келген шығын толық өтелді
Шет ауданында барлығы 60 үй су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Германия бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзердің қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісудағы онкологиялық орталық ескірген
Көп жылдан бері облыстағы онкологиялық орталық толыққанды медициналық көмек көрсете алмауда. Нысан әбден ескірген, ішкі бөлімшелері тозған. Аппараттарын жаңарту қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Шетелдік серіктестермен жан-жақты байланыстар жоспарлы түрде нығайып келеді
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі басқосу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындықтың маңызды кезеңі саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматының төрт ауданында су беру уақытша тоқтатылады
Алматыда су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарағанды облысында 5 жылда 4,2 млн ағаш егілмек
Алдағы жылдары кеншілер аймағының орман қоры ұлғайып, облыста қарағай, қарағаш пен үйеңкінің 4,2 млн данасы егілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ – 2024 басталды
Бүгін елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медиа тренерлерге арналған гранттарға өтінім қабылдауды басталды
Грантқа қатысушының өтінім бюджеті 5 000 000 теңгеден аспауы тиіс
-
ЕАЭО елдері өнеркәсіп саласында бірлескен кооперациялық жобаларды ұлғайтады
Сенат Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қытай қылмыстық істер бойынша бір-біріне көмектеседі
Сенатор Амангелді Толамисов палатаның жалпы отырысында осы мәселеге қатысты заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны. Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Азық-түлік корпорациясының" қаржы директоры сотталды
48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды
-
Халықаралық іздеуде жүрген 25 жастағы ер адам ұсталды
Іздеуде жүрген қылмыскер Ресейде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі доллар мен еуро бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 16 мамырға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр
Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның айтуынша, су деңгейін бақылауда ұстауға әзірге Құрсай каналын жырудың көмегі тиіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағандыда азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды
Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті шекті үстемесінен жоғары бағаға сатқан 50-ден астам заңды тұлға анықталып, 31 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда пентхаусқа қосымша салынған құрылыстар сүріледі
Алматыда сот шешімімен пентхаусқа қосымша салынған заңсыз ғимараттар бұзылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарайшық ауылында әр 200 метр сайын кезекшілер бөгетті бақылауда
Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғалиеваның хабарлауынша, кезекшілер арнайы бөлінген 8 сектор бойынша жұмыс атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады
Елімізде ішкі су жолдарында жүк кемелері жүре бастады. Бұл шешім гидрометеорологиялық жағдайға және ел аумағындағы суқоймалардың мұздан толықтай тазартылуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Луизианада дүлей дауыл соқты
Американың Луизиана штатында дүлей дауыл соқты. Соның салдарынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы мешіттерінен телефон ұрлап жүрген күдікті ұсталды
Алматы қаласының полицейлері мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды
Құрылыс нысанын сүру кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда балабақша тәрбиешісінің балаларды ұрып жіберген видеосы желіде тарады
Жетісуда балабақша тәрбиешісінің балаларды шапалақпен ұрып, қылғындырғаны камераға түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын ел құрамасы анықталды
Өзбекстан астанасы Ташкент спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын қабылдайды. Аталған сынға Милад Карими бастаған қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін тек Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда 2028 жылға дейін жаңа 17 шағын аудан салу көзделіп отыр
Ақтау қаласының бас жоспарын түзету жұмыстары бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Жиында жаңа шағын аудандардың құрылысы, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. сілтеме жасап.
-
Елордада орман-дала өртін сөндіру бойынша өрт тактикалық оқу-жаттығу өтті
Астанадағы «Жасыл белдеуде» орман-дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Газ бағасы орта есеппен 3 теңгеге көтерілмек – Энергетика министрлігі
Энергетика министрлігі 1 шілдеден бастап ішкі нарықта тұтынылатын газдың көтерме саудадағы бағасын арттырады. Қазіргі бағаға орташа есеппен 3 теңге қосылады. Ведомство ақпаратына қарағанда, қазір газдың текше метрі орта есеппен 20,64 теңге болса, өзгерістерден кейін 23,64 теңге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды
Абай облысы аумағында "Құқықтық тәртіп" ЖПІШ барысында бөлімше қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх