Шет ауданында барлығы 60 үй су астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия оларды техникалық тексеруден өткізіп, алты үйді апатты деп тапты. Бес отбасы бюджет есебінен үй сатып алды. Олар баспананы өздері таңдады.
Шет ауданының Деріпсал бөлімшесінде тағы бір үй салынып жатыр. Мұндай шешім елді мекенде сатылатын үйлер болмауы себепті қабылданған. Жаңа тұрғын үйдің ауданы 75 шаршы метрді құрайды.
Апатты деп танылмаған басқа 54 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар мүліктерінің зақымданғаны үшін де, жөндеу жұмыстарына да өтемақы алды.Сондай-ақ қырылған малдың шығынын өтеу мәселесі де шешілді.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттен де, қоғам қайраткерлерінен, еріктілерден, кәсіпкерлерден, ҚХА-дан да жан-жақты қолдау көрсетілді.
Қарағанды облысының әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы ертең жеткізілетін гуманитарлық жүк жібереді.