Все новости за 7 қазан 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қар, жаңбыр: 8 қазанға арналған ауа райы болжамы
8 қазанда еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
ТМД Сыртқы істер министрлері ішкі саяси жағдайды талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ министрлікке сілтеме жасап.
-
Елордада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты басталды
Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатының жалауы желбіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Солтүстік Қазақстан облысында 5,6 млн тонна астық бастырылды
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Астанада қазақ-швейцар саяси консультациялары өтті
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың 6-шы раунды өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Қазақ спортшыларының бір аптадағы жарқын жеңісі
Мәнерлеп сырғанау: Елордада өткен мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирінде ерлер арасында отандасымыз Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісуда халықаралық театр фестивалі басталды
Бұл шараға қатысуға алыс-жақын шет мемлекеттерден айтулы театр ұжымдары келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысының жастары қоқыс сұрыптайтын жәшіктер орнатты
Ордабасы ауданының жастары көптеген игі істің басы-қасында жүр. Соның жалғасы ретінде белсенді жастар тағы бір істі қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иранда әуе қатынасы қайта жанданды
Қазір Тегерандағы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
-
Жетісуда кеден бекеті 151 заңсыз әрекеттің жолын кескен
Жетісу өңірі Қытаймен шекаралас облыс болған соң, мұнда 2 бірдей кеден бекеті бар. Олар заңсыз саудамен айналысқан бірнеше топты ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты стратегиялық шешімді демократиялық жолмен қабылдағаны туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Петропавлда полицейлер ер адамды өрттен құтқарып қалды
Петропавлда полиция қызметкерлері ер адамды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Медицина бойынша Нобель сыйлығын кімдер алды
Физиология мен медицина бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар – Виктор Эмброс пен Гари Раканға микроРНҚ-ны ашқаны және оның транскрипциядан кейінгі гендерді реттеудегі рөлі үшін берілді, деп жазады BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мəдениет күндері басталды
2024 жылдың 7-10 қазан күндері Ашхабад қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы мәдениет күндері аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр Талғардағы жасөспірімнің өлімі туралы істі жеке бақылауына алды
Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматы облысының Талғар ауданында жасөспірім өлімі туралы істі жеке бақылауына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада магистратураға түспекші болғандар алаяққа алданды
Бүгінгі күні полицияға 10 жәбірленуші арызбен жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дала өрті. Төтенше жағдайлар вице-министрі Қарағанды облысында
ТЖМ Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша сағат 18:30-дағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында мұғалімдердің жалақысы бойынша берешек өтелді
Ақмола облысының прокуратурасының шараларымен мұғалімдердің жалақысы бойынша берешек өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтеді
Спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Бас прокурор мәлімдеме жасады
Бас прокуроры Берік Асылов жасөспірімдердің жаппай суициді бойынша жүргізіліп тергеу барысын баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ҚТЖ арқылы қыркүйекте 1 млн тоннадан астам көмір жеткізілді
Қыркүйек айында тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор кәсіпорындары үшін темір жол көлігімен 1 млн тоннадан астам тас көмір жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміз прогресс жолын таңдады – АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб
Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда АЭС салуға арналған референдумның алдын ала қорытындысын жариялады.
-
Жалға берілетін үйді кім ала алады
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына кім қатыса алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Референдум күні туылған сәбилер саны бойынша қай өңір көш бастады
Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келіп, республикада көш бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды
Астанада үстел теннисінен өтетін Азия чемпионатына 26 елден 210 спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Мұғалімдердің 8 млн теңгегеден астам жалақы бойынша берешегі өтелді
Ақмола облысының прокуратурасының шараларымен мұғалімдердің жалақысы бойынша берешек өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелдік қонақтарды баураған қазақтың бес ұлттық тағамы
Министрлік 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шетелдік қонақтарды баураған қазақтың бес ұлттық тағамына тоқталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан құрамасы алдағы ойындарға дайындалып жатыр
Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриядағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
-
АЭС бойынша референдум. ТМД байқаушылары не дейді
ТМД байқаушылар миссиясының жетекшісі, ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов Қазақстанда өткен референдумға оң баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ережелері өзгерді
ҰЭМ 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz. сілтеме жасап.
-
Алматы облысындағы жаппай төбелестегі жасөспірімнің өлімі: кінәлілер қамауға алынды
Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Маңғыстау облысында есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды
Маңғыстау облысында пробация қызметі мен Мансап орталығының бірлесіп, жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды.
-
Алматыда "Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы" көрмесі ашылды
Іс-шараны Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Мемлекеттік орталық музейі бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ спортындағы егіздер
Қазақта «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» деген сөз бар. Дегенмен, елімізде бұл сөзді жоққа шығарып жүрген егіз спортшылар аз емес. Олар бір спорт түрімен шұғылданып, байрақты бәсекеде ел қоржынына жүлде салып жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өрттің ауданы екі есеге өсті. Оны 600 адам және 4 тікұшақ сөндіріп жатыр
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Катар арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 10 қазан күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті және Сенаттың Іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы міндеттерді талқылады.
-
900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Бас прокуратура қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Айналымнан 43 млн теңгеге жалған банкноттар алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС құрылысы бір жылдық белес емес – Тимур Жантикин
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин елімізде күні кеше, яғни 6 қазанда өткен референдумға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та дауылға байланысты 35 округте төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-та тағы дүлей дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты
NASA ғалымдары Плутонның ең үлкен серігі Харонның бетінде көмірқышқыл газы мен сутегінің тотығы барын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Еліміздің гимнасттары Әлем кубогында жеңімпаз атанды
Мажарстанның Сомбатхей қаласында аяқталған спорттық гимнастикадан Әлем кубогында Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды.
-
Серік Жұманғарин: Биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізуіміз қажет
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта экспортқа астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Батыста қатты жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 8-10 қазандағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рудныйда 4 жұмысшы қаза тапты
Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
-
Жолаушылар пойыздарына жолсеріктер жұмысқа қабылданады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты 200-ден астам жолсерікті жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдумның өткізілуі демократиялық дамудың маңызды қадамы болды - байқаушы
Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) референдумға қорытынды бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырауда жерді заңсыз иеленгендерге айыппұл салынды
АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 26 жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік жерлерді заңсыз иеленгені үшін әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда ер адам ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған
Атырауда полиция екі кісіні өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда мұқтаж азаматтар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етіледі
Алматыда жыл басынан бері 2 726 кезекте тұрған азамат коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ТМҰ миссиясы: Референдумда тәртіп сақталды
Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) байқаушылар миссиясы АЭС құрылысы бойынша өткен республикалық референдумға байланысты қорытынды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бөлекпаев қаза тапқан өрт сөндірушінің үйіне барды
Қарағанды облысында қайтыс болған ТЖД қызметкерінің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС бойынша референдум. Елімізде қанша адам қарсы дауыс берген
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдум комиссиясының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда 19 жастағы қыз 14-қабаттан құлап кетті
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің 14-қабатынан 19 жастағы қыз құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров АЭС салу бойынша референдумға қанша қазақстандық қатысқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Баянауыл табиғи паркіндегі өртті сөндіруге 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды
-
ШЫҰ миссиясы референдумды ашық және заңды деп таныды
Елордада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте ШЫҰ байқаушылар миссиясы республикалық референдумға қатысты қорытынды мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісу облысында білім бөлімінің үш бухгалтері 34 млн теңге жымқырған
Жетісу облысының Кербұлақ ауданы прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
-
Әлеуметтік инспекторлар құқық қорғау мақсатында 2,3 мыңнан астам тексеру жүргізді
2024 жылдың басынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 344 тексеру жүргізді, оның 582-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 572-і жоспардан тыс, 1 190-ы прокуратураның талабы бойынша, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында өрт сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты
Өрт сөндіру барысында аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысындағы шахтада 2 жұмысшы қаза болды
«Қазақмыс» Тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Марбург вирусына байланысты шектеу шаралары қабылданады ма
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция-Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Бауыржан Әленов Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық өндірушінің тауарын сөреге қоюдан бас тартқан гипермаркет ісі сотта қаралды
Маңғыстау облысында бөдене жұмыртқасын өндірумен айналысатын кәсіпкердің тауарын сауда сөресіне орналастырудан негізсіз бас тартқан ірі сауда желісіне қатысты іс өңірдің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ДДҰ дабыл қақты. Әлемге тағы бір індет төніп келеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) дабыл қағуда: Марбург вирусының жаңа пандемияға дейін өсу әлеуеті бар. Егер шынымен құрықталмай, әлемге тараса, оның зардабы "коронавирустен" де ауыр болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
-
Референдум: Шетелде 74 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады
Шетелдегі барлық 74 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
7 қазанға арналған валюта бағамы
ҚР Ұлттық банкі 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды өрт сөндірушілері өрттен газ баллонын алып шықты
Бүгін түнде Теміртау қаласында екі қабатты жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
7 қазанда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап
-
Мәжіліс депутаты референдумның нәтижесі жөнінде пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Никита Шаталов АЭС құрылысына келісім беру бойынша референдумның экзит-пул деректері жөнінде пікір білдірді.
-
Боксшы Ангелина Лукас – әлем чемпионы
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Таиландта өткен кәсіпқой бокста чемпион атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Африкада маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпе егу басталды
Конго билігі қауіпті вируспен күресуді бастады. Африкада маймыл шешегіне қарсы алғашқы екпе егу басталды. Конго Демократиялық Республикасында mpox вирусына қарсы алғашқы екпе науқаны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
Атырауда Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, деп хабарлайды , деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресейде қазақстандықтардың 79%-ы референдумда дауыс берді
Ресейде дауыс беруге арналған бес учаскенің бәрі жабылды. Көрші елде жүрген қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астрахань қалаларында өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Референдумға қатысқандардың 71,8%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдады - exit poll
Еуразиялық интеграция институты мәліметі бойынша, қолдағандар 71,8%, қарсы болғандар 28,9% болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы: Таңдау айқын – АЭС керек
Қаржы саласының маманы, экономист, журналист Айбар Олжаев референдум бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шетелде референдумның 69 учаскелік комиссиясы жұмысын аяқтады
Қазіргі уақытқа дейін шетелде референдумның 69 учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтап, 9561 Қазақстан азаматы өз дауысын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоғамдық саясат институты: АЭС салуды референдумға қатысқандардың 72,3%-ы қолдады
6 қазан Республикалық референдум күні Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС бойынша референдум: Алғашқы exit-poll мәліметтері жарияланды
«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және сайлаушылардың 30,2% - ы келіспейді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс – А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев осындай мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх