Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Батыста қатты жаңбыр жауады

7 Қазан 2024, 13:05
1198
Бөлісу:
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы: Батыста қатты жаңбыр жауады
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК 2024 жылғы 8-10 қазандағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аптаның басында антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді және негізінен ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды. Содан кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аудандарынан циклон әсер етеді, ол найзағаймен жаңбыр әкеледі. 

9-10 қазанда батыста қатты жаңбырдың жаууы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі, делінген хабарламада.

Республиканың батысында ауа температурасының күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы