Все новости за 18 қыркүйек 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан қатерлі індет таралғалы бері 945 мың науқас Covid-тен қайтыс болған. 20 миллионнан астамы жазылған. Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университеті хабарлады.
-
Цой: Алдағы бес жылға арналған басым міндеттер айқындалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына ресми сапары аясында ДДСҰ-ның медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық қашықта орналасқан офисінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті.
-
Қарағандыда карантин талаптары жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында сауда орталықтарындағы дәмханалар мен театрлар жұмысын қалпына келтіруде, балаларға арналған түзету орталықтарына топтардағы балалар санын көбейтуге рұқсат етілді.
-
Назарбаев: Бұл Каспийде халықаралық туристік хаб құрудың алғашқы қадамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды.
-
Зияткерлік меншік құқығы жайлы семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы бірлесеп, «Өнеркәсіптік меншікті халықаралық тіркеу. Өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің Гаага жүйесі» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
-
Мұнай компанияларына қойылатын талаптар оңтайландырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрлігі «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалауға және пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» министр бұйрығының жобасын әзірледі.
-
Этносаралық қатынас саясаты сөз болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн форматта этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
-
Жыл соңына дейін мемқызмет 100% автоматтандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, алдын-алу шаралары, адами факторды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мектептік тамақтануды мемлекеттік сатып алуды электронды форматқа көшіру және басқа да бірқатар мәселелер Алтай Көлгіновтің басшылығымен Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында талқыланды.
-
Әскерлер қысқы дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде қару-жарақ, әскери техника мен коммуналдық нысандардың қысқы уақытқа және жылыту маусымына дайындығы бойынша шара өтуде.
-
Отбасылық дауларды шешудің жаңа сипаты таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Жоғарғы Сотта болып, Жоғарғы Сот Төрағасымен және судьяларымен сот жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
-
Ауыл шаруашылығында ақылды технологиялар дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен кездесуі кезінде белгілі болды.
-
Қарияға қамқорлық – көргендінің ісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Ахметжанова мен кәсіпкер, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық белсенді Азамат Өмірзақов кездесіп, қарияларға қамқорлық жайын сөз етті.
-
Нұр-Сұлтанда «Бизнестің жол картасы» бойынша грант иегерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 грант иеленуші халықтың әлеуметтік осал топтары қатарына жатады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
ҚМДБ: Ай сайын 30 адамға тегін ем-дом жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «30 жылдық мерейтойға – 30 игі шара» аясында жер-жерде қайырымдылық жұмыстары жалғасуда.
-
Алматыда қала күні онлайн форматта өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Санитарлық нормаларды сақтау және коронавирус инфекциясының өсуіне жол бермеу мақсатында қала күніне арналған негізгі шаралар онлайн форматта өтеді.
-
Тыйым салынған материалдарды таратқандар жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Nur Otan бірқатар шенеуніктерді партиялық жауапкершілікке тартуды талап етті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы Ақмола және Алматы облыстарының өткен 2,5 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыстарын зерделеді.
-
Министр Цой Алматыдағы ахуалмен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Алматыға келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қаладағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің COVID-19 жаңа толқынына қалай дайындалып жатқанымен танысты.
-
Үкіметте жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция режимінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты республикалық комиссияның отырысы өтті.
-
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 39 689 өтінім қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 39 689 өтінім қабылданды.
-
Денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың екінші толқынына дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында коронавирустық инфекцияның екінші толқыны болуы мүмкін жағдайдағы ең нашар сценарий туралы айтып берді.
-
Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады, деп жазды Президенттің баспасөз хатшасы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
ДСМ бас санитарлық дәрігердің неліктен ауысқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
-
Елордада автобус бір күнге тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда «демалыс күнгі» жәрмеңкелер қайта ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
-
Өкпе қабынуынан емделген пациенттер саны неге күрт артты?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында өкпе қабынуынан емделген пациенттер санының күрт арту себебін түсіндіріп берді.
-
Соңғы жеті күнде Кавасаки синдромымен ауырған бірде-бір бала анықталған жоқ – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Мәңгі, тұрақты күнтізбеге арналған «Жаһандық жаңалық» қонференциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен ғаламдық, яғни мәңгі, тұрақты күнтізбеге арналған «Жаһандық жаңалық» атты конференция өтті.
-
Демалыс күндері шектеу шаралары сақтала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Карантиндік жеңілдік. Білім беру топтарындағы адам саны 5-тен 15 адамға ұлғайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматы облысында 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында биыл Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2400 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 104,1 миллиард теңгеге 12 жоғары технологиялық және инновациялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
-
Зейнеткерлерге жол жүру билетін ұзарту қажет пе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпаратқа CTS баспасөз қызметі ресми жауап берді.
-
Алматыдағы үш нысан басшысына антитеррорлық қауіпсіздіктің төмендігі үшін айыппұл салынды
Алматы, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Алматыда 127 нысан тексерілген. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ғани Ахметбаев: Шымкентке жаңа ипподром керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біраз уақыттан бері Шымкент қаласындағы орталық ипподромның айналасында әңгіме өршіп тұр. BI group компаниясы қазіргі ипподромды бұзып, орнына тұрғын үй салмақшы. Ал жаңа атшабарды қаланың басқа жерінен өз қаржысына салып беруді жоспарлаған.
-
Алексей Цой ДДСҰ Еуропа аймақтық комитетінің тұрақты төрағасы болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
ШОБ өкілдері жалдау төлемін тоқтата тұруға өтінім бере алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев онлайн брифинг барысында шағын және орта бизнес өкілдерінен төтенше жағдай кезеңіндегідей жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтінім қабылдап жатқандарын айтты.
-
Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров айтты деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
-
Нұр-Сұлтанда мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәліктері заңсыз беріліп келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтып берді.
-
Назарбаев қоры жасанды интеллект жұмысының негіздеріне арналған оқыту жобасын қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қор қолдау көрсеткен lrn.dev (learn development-әзірлеуді үйрен) тегін интернет-платформасы кез келген қолданушыға бағдарламалау негіздерін үйренуге мүмкіндік береді.
-
1,4 млн теңге. Пара алған басшыға қатысты тергеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтып берді.
-
Анықтама орнына ақпаратты eGov Mobile арқылы бөлісуге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) мемлекеттік органдармен бірлесе өткізген кезекті отырысында анықтамаларды алып тастау мәселелері қаралды.
-
30 мың теңге пара алған адамға 900 мың теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді.
-
Судья ірі көлемде пара алу күдігіне ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтып берді.
-
Шымкентте алюминий банкалар өндірісі жолға қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриялық аймағында үздік жоба аясында қақпағы бар алюминий банкалар шығарылады, деп хабарлады Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
-
Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтып берді.
-
Нұрымбетов: Еңбек жанжалдарының алдын алу құралдарының бірі - ұжымдық шарттар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен бейнеконференция режимінде өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және әлеуметтік-еңбек жанжалдарын шешу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы айтты.
-
Медициналық жабдықтардың қымбаттауы мемлекетке 40 млн теңгеден астам шығын әкелді – Карипова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова «Antikor live» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
-
Кавасаки - балалар үшін өте қауіпті болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн сұхбат барысында, Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман Кавасаки синдромын түсіндірді.
-
Тиімсіз жоспарланған қаражат бюджетке қайтарылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тиімсіз жоспарланған қаражат бюджетке қайтарылып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова «Antikor live» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
-
ДДСҰ: Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлау қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем елдерінің үкіметтері және денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің басшыларын медициналық қызметкерлер мен пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне жүйелі түрде қауіп төндіретін факторларды жою бойынша шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды who.int.
-
Қазақстан Дүниежүзілік тазалық күніне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің ел бұл шараға қатарынан үшінші жыл қатысуда.
-
Қант диабетінің дамуын қалай тоқтатуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстандағы эндокринолог, кардиолог және отбасылық медицина салалары бойынша жетекші мамандардың қатысуымен «Диабет алды – сіздің диабетті алдын алу мүмкіндігіңіз» атты баспасөз мәслихаты өтті.
-
Алматылықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтуде
Алматы, BAQ.KZ. «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңынан Алматы әкімі, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев «Праймериз» ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтті.
-
Қысқартуға кімдердің ілікпейтіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова жұмыстан қысқарып қалмайтын мемлекеттік қызметшілердің санатын атады.
-
Жайылғанова: Командамен жұмыс ауыстыруға жол жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова командамен жүретін әкім, министрлер туралы айтты.
-
ӘМСҚ пациент құқығын қорғайтын 6 әдісті атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын пациенттерден медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты түрлі сұрақ келеді.
-
Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздарының қатынауы қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылғы 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды.
-
Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған жаңа қойылым сахналанды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойы мен қала күніне орай «Өмір - Өзен» музыкалық театрландырылған қойылымы саxналанды. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Мектептерге қаржыны әкімдіктер бөлетінін бәрі біле бермейді – Рүстем Биғари
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкімдіктердің мектептер мен коллеждерге жабдық сатып алуына қатысты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook парақшасында пікір білдірді.
-
97 мың мемлекеттік қызметкердің 25 пайызы қалай қысқарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер саны 25 пайызға қысқарту қалай жүргізілетінін айтты.
-
Чек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі.
-
Түркістан: Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы жеке кәсіпкерлерге тиесілі, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Алматыда ескі үйлердің орнына жаңа үйлер салынуда
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
-
БҚО-да қаза болған 17 солдаттың сүйегі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іздеу жұмыстары аяқталды.
-
Қазақстанда өзен-көлдердегі су сапасын онлайн бақылауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Дүниежүзілік су сапасын бақылау күніне орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.
-
«Дәл қазір 200 мың теңге ал»: Қалтасы жұқа халық қаржы ұйымдарының «қақпанына» түсіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жалақыға дейін қарыз, артық сұрақсыз», «Дәл қазір, төлем қабілетіңді дәлелдемей-ақ 200 мың теңге ал» деген сынды жарнамалардың жетегінде кетіп, сан соғып қалған қазақстандықтар аз емес.
-
Nur Otan праймеризінде дауыс беру үшін 560 мың адам тіркелді – Байбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 1-3 қазан аралығында өтетін партияішілік сайлауда дауыс беру үшін арнайы мобильді қосымшаны жүктеп, «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелді.
-
«5-10-20». Бағдарлама бойынша несие беру басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шаңырақ» «5-10-20» бағдарламасы бойынша несие беруді бастады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан бастаған 5 мемлекет бірлескен денсаулық қауымдастығын құрмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан пандемияға қарсы күресте күш біріктірмек.
-
Коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарыздарды заңсыз өндірген – Бас прокуратура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас прокуратура жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың қызметіне тексеру жүргізді. Оның нәтижелері туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов айтып берді.
-
Тұмау өршіген кезеңде иммунитетті қалай нығайтуға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қалалық №1 емхананың учаскелік терапевт дәрігері Шолпан Оразалы иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет екенін айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстан футболында соңғы 7 жылда болмаған жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан клубтары биылғы маусымда еурокубоктағы жорықтарын тым ерте аяқтады.
-
КВИ жұқтырған 2 мыңға жуық медицина қызметкері төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1, 6 мыңнан астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер алды.
-
Орал өзенінің жағдайы форумда талқыланатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарашада Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей елдері шекаралық әріптестігі форумы өтеді.
-
COVID-19-ды емдейтін дәрінің адамға қауіп төндіретіні анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус кезіндегі асқануды емдеуде қолданылатын азитромицин антибиотигі бірнеше медициналық препаратпен бірге қолданылса, жүрек талмасына әкеліп соғуы мүмкін.
-
COVID-19. Қазақстан емханалары медициналық аппараттармен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ауруханалары мен емханаларына COVID-19-бен күресу үшін жабдықтар жеткізілді.
-
«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Tengri Bank» АҚ-ты барлық банк операциясын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады.
-
Мьянмада екібасты бала дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерекше сәбиді ел астанасының мамандандырылған педиатриялық медициналық мекемесінде қарап, тексеріп жатыр.
-
КВИ-ге шалдыққан 100 науқастың жағдайы нашар – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 18 қыркүйекте коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.
-
Елімізде пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 18 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
-
Астық экспортын арттырмай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз келешекте астықты шикізат емес, өңдеп экспорттайтын болса, қыруар табысқа кенеледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында осыған ерекше көңіл бөлді.
-
Еуропада коронавирус қайтадан өршіп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионға жуықтап, 941,3 мың адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін BBC агенттігі хабарлады.
-
Түркістан облысында жезөкшелер притоны жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
COVID-19: елімізде өткен тәулікте 155 науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 155 адам коронавирустан жазылып кетті.
-
Қазақстанда өткен тәулікте 78 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
-
Елімізде Қарулы Күштерге 6700 сарбаз алынбақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 17 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарлануда. Оның ішінде 6700 жас сарбаз Қарулы Күштерге, қалғандары Шекара қызметі мен Ұлттық ұланға қызмет етуге аттанбақ, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
-
Елорда полициясы халықтан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар тұрғын үйге инвестиция салу үшін өздерінен ақша алған корпоративтік қорға шағымданды. Полиция іс қозғады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
«Барыстың» 12 ойыншысы мен жаттықтырушысы індетке шалдықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» ХК-нің ойыншылары мен бапкері коронавирус жұқтырды. Бұл туралы хоккей клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Бүгін 8 облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 қыркүйекке Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
Елімізде енді 11 мың шақырым жол ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тағы да ақылы жолдар пайда болады. 2024 жылдың соңына дейін 11 мың шақырым жолға халық ақша төлеп жүреді. Бұл – еліміздегі жолдардың 45 пайызы.
-
Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үй сапасыз болып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда жарты жыл бұрын қолданысқа берілген жаңа үйдің сылағы түсіп, едені опырылып, төбесінен су тамшылап тұр. Баспананы ипотекаға алған тұрғындар не істерін білмей дал. Мердігер болса, жөндеу жүргіземіз дегелі бірнеше ай өткен.
-
Елбасы «Праймериз» ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
-
Ақмола облысында экстремистік мазмұндағы кітаптар таратылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында экстремистік материалдарды сақтап, таратқан деструктивті діни ағымды ұстанушы жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда жол апатынан екі адам қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға сағат 21.20 шамасында Ақтоғай ауданы Қараой ауылы маңындағы Ленин – Русская Поляна автожолының 117 шақырымында орын алған.
Наверх