30 мың теңге пара алған адамға 900 мың теңге айыппұл салынды

18 Қыркүйек 2020, 15:55
1350
Бөлісу:
30 мың теңге пара алған адамға 900 мың теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтып берді.

2020 жылы 16 қыркүйекте Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға 30 мың теңге сомасында пара алуда күдікті болған «Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ басшысының орынбасары С.О. Сұлтанбай 900 мың теңге сомасында айыппұлға сотталды, - деп хабарлады Данияр Бекайдаров «AntikorNews» брифингінде.

Өзгелердің жаңалығы