Все новости за 15 тамыз 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Анасына ауыр сөздер айтқан адам жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері Екібастұзда учаскелік полиция инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 171 азаматты жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
-
Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open турнирі кейінге шегерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қазан күні мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтуі тиіс Japan Open турнирі белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) ресми сайтында хабарланған деп жазады Olympic.kz.
-
Атырау облысында коронавирустан 902 адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда өткен тəулікте 902 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Актер Михаил Ефремов ауруханадан шықты
Ресейлік актер Михиал Ефремов ауруханадан шықты деп хабарлайды РИА Новости.
-
Алматы: Жыл соңына дейін ағаштар саны 250 мыңға көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Польша әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Құрама Штаттардың Польшадағы күшін ұлғайтып, оның осы елдегі позициясын нығайтуға бағытталған.
-
Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
-
Қостанайда төрт жасар баланы өлтірген зейнеткердің ісі қаралып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта онлайн режимде төрт жасар баланы өлтірді деген күдіктінің ісі қаралды деп хабарлайды alau.kz.
-
Елорда әкімі қаланы газдандыру туралы айтты
Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.
-
Ресей COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды бастады
Ресей Гамалея орталығы жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өндіруге кірісті, деп хабарлады РИА Новости Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Елордада сауда орталықтары мен базарлардың жұмысқа дайындығы тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШОБ субъектілері 90% жұмысын қайта бастауға дайын, ескертулер бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Қуат Хамитов Еуропа чемпионымен жұдырықтасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (18-7-1) қыркүйек айында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
-
Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ҚХР ШҰАА) Үкіметінің қатаң карантиндік шараларды енгізуіне байланысты өткізу пункттерінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Атырау облысында карантин 31 тамызға дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аумағында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов қол қойған арнайы қаулыда айтылған.
-
Грант-2020: Білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде мемлекеттік грантқа ие болғандардың толық тізімі жарияланды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жетісайда коронавирус жұқтырған келіншек дені сау бала босанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының 21 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған.
-
Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Украинадан Қазақстанға 15 тонна гуманитарлық көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 тамызда Киевтен Нұр-Сұлтанға коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу үшін үлкен гуманитарлық жүк келді.
-
Билік айыппұл салып, халықтың ызасын тудырудан абай болу керек – Сарым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым жеңілдетілген карантин кезінде экономиканы көтеруді ойластыру қажеттігін айтты.
-
"Қазақтың жазылмаған психологиясы" қалай жазылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында журналист Ержан Жаубай мен белгілі психолог Нұргүл Молдабайқызының "Қазақтың жазылмаған психологиясы" атты бірлескен еңбегі жарыққа шықты.
-
Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.
-
Ажар Ғиният: Басты мақсатымыз – емханалардың дайындығы
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Түркістан облысындағы коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалмен танысуға келген болатын. Алдымен аймақтағы Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жағдайымен танысып шыққаннан кейін, Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталыққа келді.
-
Маңғыстауда найзағай тұрғын үйдің шатырын қиратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында тұрғын үйдің шатырына найзағай түскен, деп хабарланды "Лада" сайтында.
-
"Менің Қазақстаным" халықаралық музыкалық челленджі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Менің Қазақстаным" халықаралық музыкалық челленджі бастау алды.
-
Маңғыстауда қызметін заңсыз жүзеге асырған букмекерлік кеңсе анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында "InBet" букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.
-
"Азаматтарға арналған үкімет" халықты сақ болуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ақылы көмек көрсететіні туралы хабарландырулар таратып жатыр.
-
Бұрынғы қателіктерді жібермеу маңызды – Рахым Ошақбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев карантинді жеңілдету кезінде бұрынғы қателіктерді қайталамау маңызды екенін айтты.
-
Моңғолия Қазақстанға тұрақты рейс ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстан Республикасына тұрақты рейс ашады.
-
Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдау өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді.
-
Өрттің әдейі жасалғаны анық – Ақан Сатаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақфильм" студиясындағы "өрттің әдейі жасалғаны анық". Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев айтты.
-
Тоқаев: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
-
Денсаулық сақтау вице-министрі Түркістан облысына келді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.
-
Өзенге секіріп қашпақ болған шенеунікке қатысты сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен қашуға тырысып, өзенге секірген шенеунікке айыппұл салынды.
-
Анталияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген деп жазады Olympic.kz.
-
Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс – Ерлан Сайыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттанушы Ерлан Сайыров санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы керек екенін айтты.
-
Биыл ХҚКО арқылы мың жарым адамға спорттық атақ-дәреже рәсімделді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында "Азаматтарға арналған үкіметтің" фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды.
-
Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия мен Қазақстан арасындағы рейстер 1 қыркүйектен бастап қайта жанданады. Бұл туралы Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі хабарлады.
-
Бүгін мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланады. Оны біздің порталдан көре аласыздар.
-
Дәрігер кеңесі үшін емханаға барудың қажеті жоқ – ӘМСҚ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры карантиндік шараларға байланысты қазіргі шектеулерді ескере отырып, азаматтарға медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алу керектігін түсіндірді.
-
COVID-19: Шалғай аудандар көлікпен қамтамасыз етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту мақсатында еліміздің шалғайдағы өңірлері коронавирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермеу үшін мамандандырылған автокөліктермен жабдықталды.
-
Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болу керек – полиция
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігін бақылауда, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркістандағы аудандық аурухана оттегі концентраторымен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орталық ауруханасына жомарт жандардың демеушілігімен 10 дана оттегі концентраторы табыс етілді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Атырауда 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер қайта жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 17 тамыздан бастап қаладағы 13 әлеуметтік маңызы бар маршрут жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
-
Өткен тәулікте індеттен 13 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15.08.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
-
Атыраулық борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында полиция қызметкерлері үш күндік "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде өткен тәулікте 2083, жалпы 80716 адам коронавирустан айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтына жарияланған соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 2083 адамның коронавирус індетінен емделіп шыққаны белгілі болды.
-
Қазақстанда бір тәулікте 439 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 439 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 180 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген.
-
Нұр-Сұлтанда нөсер кәріздерін қоқысқа толтыру фактілері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында нөсер кәріздеріндегі заңсыз жалғанған байламдар мен оларға өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды төгуді анықтау жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Алматы облысының дәрігерлеріне 2,89 млрд теңге үстемақы төленген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы Алматы облысының медициналық ұйымдарына наурыз-маусым айларында 3,43 миллиард теңге төледі. Бұл туралы "Jetisy media"-да өткен брифинг барысында белгілі болды.
-
Жаңаөзенде 14 ноутбук 20 миллион теңгеге бағаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзенде қалалық білім бөлімі бас есепшісінің өз міндетіне салғырт қарауы мемлекетті 20 миллион теңгеден астам қаражатқа шығынға батыра жаздады. Қазір сол жауапсыздығы үшін мемлекеттік қызметшіге қатаң сөгіс беріліп отыр.
-
Жезқазғанда коронавируспен ауырғандарға арналған клиниканың құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда COVID-19 індетіне шалдыққандарға арналған модульді инфекциялық аурухананың құрылысы басталды. Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, құрылысы жылдам салынатын госпиталь 200 орынға есептелген және қажетті жабдықтармен жасақталатын болады.
-
Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев Instagram-дағы парақшасына бас-аяғы бір-ақ жыл атқарған қызметінен кетіп жатқанын жазды.
-
Петропавлда спорт клубы жаңа спортзал құрылысын аяқтай алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ботаникалық бақ пен балаларға арналған спорт клубының арасында дау туды. Оған клубтың бақ маңынан көктемде жаңа спортзалының құрылысын бастағаны себеп.
-
Алматы облысында 7 жасар құжатсыз қыз мектепке бара алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында құжаты жоқ қыз мектепке бара алмай жүр. Оның анасы бірнеше жыл бұрын отбасын тастап, хабар-ошарсыз кетіпті. Туу туралы куәлік те содан жасалмай қалған.
-
Ақтөбеде Сармат қорғанынан табылған алтын бұйымдар зерттелуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Тасқопа елді мекені маңынан б.з.д V ғасырда өмір сүрген Сармат көсемінің қорғаны табылғаны мәлім. Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин сондағы алтын бұйымдарының зерттеу жұмыстарымен танысып қайтқанын жеткізді.
-
"Қазақфильмдегі" өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым - Сағынтаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамыздың түнінде Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясы аумағында өрт болған еді. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, онда "Томирис" фильмінің декорациясы жанған.
Наверх