"Азаматтарға арналған үкімет" халықты сақ болуға шақырды

15 Тамыз 2020, 14:27
1588
Бөлісу:
"Азаматтарға арналған үкімет" халықты сақ болуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ақылы көмек көрсететіні туралы хабарландырулар таратып жатыр.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұл ЖК мен ЖШС-нің ешқандай қатысы жоқ, олар жеке кәсіпкерлік нысандары екенін естеріңізге саламыз, - деп атап өтті корпорацияның баспасөз қызметі.

Тұрғындар электрондық қызметтерді egov.kz порталы, egovmobile мобильдік қосымшасы және EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы өз бетінше және тегін ала алатынын ескертеміз. Сондай-ақ, ең қажетті электрондық анықтамаларды Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.

Күдікті адамдарға жүгініп, электрондың цифрлық қолтаңбаларыңызды беру арқылы сіздер алаяқтардың тұзағына түсіп, өз қауіпсіздіктеріңізге нұқсан келтірулеріңіз мүмкін. Сақ болыңыздар! ЭЦҚ сақтау ережесін ұстанып, қызметтерді өз беттеріңізше алыңыздар. Өздеріңіз бен жақындарыңыздың жағдайын ойлаңыздар!, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы