Бұрынғы қателіктерді жібермеу маңызды – Рахым Ошақбаев

15 Тамыз 2020, 14:00
1906
Бөлісу:
Бұрынғы қателіктерді жібермеу маңызды – Рахым Ошақбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев карантинді жеңілдету кезінде бұрынғы қателіктерді қайталамау маңызды екенін айтты.

Кеше TALAP TALKS алаңында біз иммунологтармен осы мәселені талқыладық. Олардың айтуынша, адамдардың көбісі ауырып шыққан. Енді бір-біріне жұға беру азаяды. Шамамен 5 миллион адам ауырып үлгерген. Соған қарамастан, жағдайды елеусіз қалдыруға болмайды. Өйткені қараша айында тұмау ауруының маусымдық өсуімен бірге екінші толқын басталуы мүмкін, - деді Ошақбаев.

 Оның айтуынша, бұрын жіберілген қателіктерді жасамау өте маңызды. Біріншіден, бұл Қазақстанда жүргізілген тест-сынақтарына қатысты.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, науқастарға талдау ПТР-тесті негізінде жасалған. Бұл адамның COVID-19 ауруымен ауырған-ауырмағанын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда, бұдан арзан әрі жылдам және әлдеқайда дәл анықтайтын иммунды ферменттік талдау бар. Бәлкім жаппай ИФТ-тестілеу жүргізу қажет шығар. Соның арқасында антиденелер түзілген-түзілмегенін анықтауға болады. Бұл аурудың фактісін анықтап қана қоймай, аурудың сатысын анықтауға және жалпы эпидемиологиялық көріністі түсінуге, бағамдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, карантинмен де, коронавируспен де Қазақстанға келтірілген шығындар бірден пайда болмайды деп санаймын. Оның әсері кейін байқалады. Күзде шағын және орта бизнес, халықтың табысы, тұтастай алғанда экономика не болады? Бізге мұны түсініп, қандай әрекет ететінімізді ойлануымыз керек, - дейді сарапшы.

Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілдеден бастап, 5 аптаға жалғасқан күшейтілген карантин аяқталады. Алдағы дүйсенбіден бастап, жеңілдету шаралары басталады.

Өзгелердің жаңалығы