Все новости за 3 маусым 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денис Тен атындағы "Global Figure Skating Academy" академиясы 2020 жылдың соңында, жаңа қыс маусымының басында ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Ақтөбе хром зауытындағы оқыс оқиғадан тағы бір жұмысшы қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе хром қосындылары зауытында жарақат алған 32 жастағы жұмысшы 3 маусымға қараған түні қайтыс болды. Осылайша 28 мамыр күнгі зауыттағы жазатайым оқиғадан қаза болғандар саны бесеуге жетті.
-
Қатерлі індеттен тағы 4 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды. Бұл туралы коронавирус індетінің ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Қарағандыдағы ең көне ғимаратта жөндеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін аймақтағы білім беру нысандарын жөндеу жұмыстарымен танысты.
-
Қазақстан мен Канада "уақытын теңестірді"
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампанмен телефон арқылы сөйлесті.
-
Еліміз бойынша 6240 адам коронавирустан жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 84 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің елміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Полицейлер 10-нан астам мал ұрлығын ашып, екі қылмыстық топты ұстады
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін мал ұрлығына қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Ұрланған қойлардың көбі заңды иелеріне қайтарылды.
-
Балық шаруашылығы экономиканың маңызды саласына айналуы тиіс - әкім
Аймақ басшысы жауапты ведомстволарға балық шаруашылғы саласын дамыту жобасын әзірлеуді тапсырды.
-
Назарбаев: Дағдарысты еңсеретін экономиканың драйверін анықтау керек
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттің экономикалық өсімді қалпына келтіру шараларын дер кезінде қабылдағанына және маңыздылығына тоқталды.
-
"Қазақстан мектебінен" өткенімді мақтан тұтамын - елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Салт аттылар клубының маусымашар сапары өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 5-7 маусым аралығында Қорғалжын-Бозоқ бағытында салт аттылар сапары өтеді.
-
Шымкентте туристік полиция жұмысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте арнайы бөлімше - туристік полиция жұмыс істей бастады. Бүгінгі күні жаңа бөлімшенің жеке құрамында 25 адам бар.
-
Психологиялық тест. Сотталғандар үшін өмірдің мәні не?
Карантиндік режимге байланысты, сотталғандар байқау тапсырмаларын арнайы бөлінген орында гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жеке-жеке орындады.
-
Қазақстанда экологиялық білім беру жобасы іске қосылды
Бірлескен бастама барлық деңгейлердегі мемлекеттік білім жүйесінің ажырамас бөлігі болатын тұрақты даму үшін үздіксіз экологиялық білім берудің кешенді моделін құрудан басталады.
-
Egov.kz арқылы еңбек іздегендер көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5091 адам Электрондық үкімет порталында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу бойынша электрондық қызметті пайдаланды.
-
Өртті сөндіргеннен ескерту оңай
Қазіргі уақытта жүргізілген сапалы өртке қарсы жыртудың нәтижесі поездар және автокөлік жолаушылары тастаған темекі, сіріңке немесе басқа да жанып жатқан заттардан туындайтын дала өрттерінің шығу қаупін төмендетуге мүмкін болады.
-
Туризм. Шымкентте ерекше дүңгіршектер ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында отандық және шетелдік туристерге үш тілде қызмет көрсететін туристерге арналған ақпараттық дүңгіршектер ашылды.
-
Автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта еліміз бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр.
Олардың 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен.
Өңірлерде автобус парктерін жаңаруды қолдау мақсатында 2018-2019 жылдары жеңілді
-
Сенатта қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселесі қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
-
"Ана бақыты – Отбасы" байқаyы қоpытындыланды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. "Nur Otan" паpтиясының Қызылоpда облыстық филиалы "Ана бақыты – Отбасы" деген тақырыпта Сыp аналаpы арасында үздік бейнеролик байқаyын өткiзді. Бұл шара партияның "Бақытты отбасы" жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
-
Сағынтаев мегаполисте өмір сүрудің бірдей жағдайын жасауды тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында өткен жылғы есептік кездесулерде Алатау ауданы тұрғандары айтқан мәселелерлің қалай шешіліп жатқанын тексерді.
-
"Қаламқас" кен орны карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" кен орнында еңбек ететін 7 қызметкерден коронавирус анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".
-
160 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 160 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Сағынтаев Көк жайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев Twitter-дегі өзінің парақшасында жазды.
-
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бірнеше облыста дауыл тұрып, күн ысиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада және тағы бірнеше облыста дауыл тұрып, ауа температурасы жоғарылады, деп хабарлайды Қазгидромет.
-
Алматыда фитнес-орталықтар ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы №37 қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап денешынықтыру-сауықтыру нысандарының қызметі қайта басталды.
-
Қазақстанда әскери есепке кімдер жатады
ҚР қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлінеді.
-
"Елбасы медалі" кімдерге беріледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Елбасы Академиясы" КҚ басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған "Елбасы медалі" жобасының бастау алғанын мәлімдеді.
-
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
-
Шымкентте 18 ауылшаруашылық жобасы жүзеге асырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының агроөнеркәсіп кешенінде биылғы жылы жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады.
-
Қоғамдық орындарда маска тегін таратылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндіру жүргізуде.
-
Алматыда карантин шаралары күшейтіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада вирус жұқтырып жатқандар бар, осыған байланысты карантиндік шаралар әлі де жалғасады және күшейтіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.
-
Елордада тұрмыстық-отбасылық жанжалдар саны азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада карантин жарияланған сәттен бастап 15 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, 600-ге жуығы құқықтық және психологиялық кеңес алды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістан жолдарында "Bus line" жолағы жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Bus line" – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады.
Жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобильдер де жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.
Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат болмайды. Жаңа жоба тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаланбақ, - делінген ақпаратта.
Жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады. Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдардың жартысына жуығында тасжол төселді. Жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.
-
Депутаттар ауылдарда интернет жылдамдығын арттыруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету туралы заң жобасын ұсынды. Бүгін Мәжілістегі пленарлық отырыста депутат Мейрам Пішембаев шалғайдағы ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету процесін жеделдету қажеттігін мәлімдеді.
-
Байбек "Birgemiz" қорынан көмек алатындар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорынан 50 000 теңге көлеміндегі біржолғы төлемдерді тағы да кімдердің алатыны туралы айтты.
-
Саяси тұтқындардың нақты саны әлі күнге дейін анықталған жоқ – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси тұтқындардың нақты саны әлі күнге дейін анықталған жоқ. Бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі Сәбит Шілдебай айтып берді.
-
19 жастағы қазақстандық World of Forbes тізіміне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тимур Рыспеков - AbsCrypt - құрылғыдағы барлық ақпаратты қорғайтын криптографиялық жүйенің негізін қалаушы.
-
Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Желіде қалада салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінің шатыры өртеніп жатқан видео тарады.
-
Грантқа түсу мүмкіндігін мобильді қосымша арқылы білуге болады – жоба жетекшісі
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Түркістан облысы бойынша 11 сыныпты 24658 оқушы бітірді. Аймақта тестілеуге 24658 бітірушінің 18634-і өтініш берді. Бұл жалпы түлектердің 75,5 пайызын құрайды.
-
Миннеаполистегі қақтығыстардың басылғаны үшін Трамп өзіне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен түні Вашингтон мен Миннеаполис қалаларындағы қақтығыстардың тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды interfax.ru.
-
"Расизмге жол жоқ": Димаш АҚШ-тағы полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген афроамерикалық полицей Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
-
Соңғы қоңырау сыңғыры. Кешігіп жеткен мереке. Фоторепортаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтан оқумен ерекшеленді.
-
Маңғыстау облысында биыл жергілікті жолдардың 150 шақырымы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 2020 жылы автомобиль жолдары саласында 20-ға тарта жоба жүзеге асырылады. Ол қазақстандықтарға танымал демалыс аймақтарына кедергісіз жетуге мүмкіндік беріп, өңірдегі туристік кластерді дамытуға септігін тигізбек.
-
55 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 55 адам коронавирус індетінен жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
Доллар бағамы 400 теңгеден төмен түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. KASE-де доллар бағамы наурыз айынан бері бірінші рет 400 теңгеден төмен түсті.
-
Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-6 маусымда еліміздің кей аймақтарында ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
-
Іле-Алатау ұлттық паркіне Сиверс алмасының көшеттері отырғызылды
Алматы, BAQ.KZ. Іле-Алатау ұлттық паркінде орналасқан Аюсай тау шатқалына Алматы қаласының экологиялық қоғамдастық өкілдері мен ғалымдар алманың түп тамыры саналатын Сиверс алмасының 100 көшетін отырғызды.
-
Алматыда дәмхана өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 2 қабатты үйдің жертөлесінде орналасқан дәмханадан өрт шықты.
-
АШМ: 8 құс фабрикасы мен 3 ет комбинаты іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров министрліктің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.
-
Мал шаруашылығы саласында 4% өсім сақталып отыр - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеге өскен.
-
Қазақстанда 1,5 млн гектар суармалы жер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
-
Бірінші сыныпқа қабылдануға өтінішті қалай беру керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаларды бірінші сыныпқа беру үшін қандай құжаттар қажет.
-
Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,2 трлн теңгеге жетті – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
-
Елімізде кең жолақты интернет желісімен 117 қала мен 3324 ауыл қамтылған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заң жобасы қаралды.
-
Медициналық бетперде тәулігіне 1 млн данаға дейін шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың пандемиясына байланысты өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларының қызметі қайта бағдарланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан латын графикасына кезең-кезеңмен ауысатынын тағы бір мәрте еске салды.
-
Мәжілісте ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесі көтерілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы қаралды.
-
Тоқаев: Орыстар – қазақ халқының бір бөлшегі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстанда 3,5 миллионнан астам орыс тұратынын, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19%-ға жететінін айтты.
-
Қарыздық еңбекті реттеу мәселесі жөніндегі заң жобасына толықтырулар енгізіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің бүгінгі отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қарыздық еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды.
-
Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 6,4 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6,1 миллион адамның 380 мыңнан астамы көз жұмған, ал, 2,9 млн-нан астам адам дерттен сауығып кетті.
-
Инженерлер мұзда таймайтын табан ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Идея авторлары мұндай пластинаны аяқ киімде пайдалану құлау қаупін айтарлықтай төмендетеді, деп санайды.
-
Қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу халықаралық имидж үшін де қажет – Меңдіқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне қарсы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.
-
Биыл елімізде 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қордайдағы толеранттылық деңгейі 90%-дан асады
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Жамбыл облысы тұрғындарының саны 1 млн 130 мың 99 адамды құрайды. Өңірде 87 этнос пен этникалық топтың өкілдері қоныстанған. Қазақтар 72,81 % болса, орыстар – 9,60%, дүнгендер – 5,29%, қалғандары түрік, өзбек, күрд, кәріс, әзербайжан, татар, қырғыз, неміс, украин, ұйғыр, шешен, грек, белорус, тәжік және өзге ұлттар.
-
COVID-19: Көз жұмған павлодарлық артериялық гипертензиямен диспансерлік есепте тұрған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирустық инфекциядан өлім жағдайы тіркелді.
-
3 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда ел аумағының басым бөлігінде шаңды дауыл, жел, жауын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
3 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда еліміздің екі қаласында – Шымкент пен Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
-
Қазақстанда өткен тәулікте 225 адам коронавирус індетімен ауырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 225 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Еліміздегі коронавирус бойынша 2 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай
-
Пандемия: 3 маусымдағы таңертеңгі жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 маусымда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6,3 миллионнан асты, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университеті.
-
АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге байланысты түрмелер жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың федерал түрмелері афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін болған тәртіпсіздіктен соң 25 жылда алғаш рет жабылды, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Шымкентте 30 га жерге жылыжай салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
СҚО: Жаңартылған Ботаникалық бақ қайта ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Ботаникалық бақ қайта жұмыс iстей бастады. Жаңғырту жұмыстарынан кейiнгі бақтың көркі көз қуантарлық.
-
УЕФА мен ҚФФ "Мектептегі футбол" бағдарламасын жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА мен ҚФФ "Мектептегі футбол" бағдарламасын жалғастырады, деп жазды Prosports.kz.
-
COVID-19: Инфекциядан өкпесінен айырылған италиялыққа трансплантация жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда COVID-19 кесірінен тыныс алу органынан айырылған 18 жастағы жігітке өкпе трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды ANSA.
-
Павлодар облысында пәтер тонау 50,3 пайызға азайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында пәтер тонау 50,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты.
-
Түркістан облысында қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 1 маусымнан бастап қала және ауыларалық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ карантин режимін сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.
-
Күршім – Алғабас жолы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күршімнен Алғабасқа апаратын жол жөнделетін болды, деп хабарлайды Altaynews.
-
Түркістандық оқушылар 15 маусымнан бастап жазғы лагерьге барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағындағы карантин режимінің жеңілдетілуіне сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастауда. Түркістан облысында биыл лагерьлерге оқушыларды қабылдау 15-30 маусым аралығында басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлім етті.
-
Қарағандыда 37 бизнес нысан жұмысқа дайындық актісін алмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда мобильдік топтар қызметін жаңғыртуға өтінім берген кәсіпкерлік нысандар бойынша рейд жүргізуде. Күн сайын Қазыбек би атындағы ауданда осындай 10 топ тексеруге шығады. Олар тексерген 211 нысанның 37-сі жұмысқа дайын болмаған.
Наверх