Все новости за 3 маусым 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО тұрғынынан ХIX ғасырда жасалған мылтық тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданынан ХIX ғасырда жасалған мылтық табылды. Оны 70 жастағы тұрғын заңсыз сақтап келген, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Отандық спортшылар Олимпиадада жеңіп алған жүлдесін қайтара бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық спортшылар Олимпиада медалін қайтара бастады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
-
Ертең елордада жұмыс күні мемлекеттік әнұранды орындаумен басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстанда 4 маусым күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтан қаласының барлық мекемесі жұмыс күнін мемлекеттік әнұранды орындаумен бастайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Маңғыстауда елді мекендерді сумен қамту мәселесі қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мәселелері қаралды.
-
Қазақстан президенті «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Болашақ» зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Петропавлда саяжайларды күзету жұмысы күшейтiледi
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында саяжайларды дамыту мәселесi талқыланды. Қазiр Петропавлда 136 саяжай бiрлестiгi бар, олар 47 мың саяжай учаскесiн бiрiктiредi. Демалыс күндерi саяжайларға 20 мың адамға дейiн барады, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
Нұр-Сұлтанда салааралық еңбекшілердің спартакиадасы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада 7-8 маусым күндері 6 спорт түрінен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық салааралық еңбекшілер спартакиадасы өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
9 пәтерді заңсыз рәсімдеген лауазымды тұлғалар сот алдында жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа тұрғын үйлердегі мемлекет меншігіне өтуі тиіс пәтерлерді иемденді деген күдікпен Петропавл қаласының лауазымдық тұлғалары сот алдында жауап берді.
-
Қызылжарда «Уақытша отбасы» жобасы жалғасын табады
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Теріскейде өткен оқу жылында «Уақытша отбасы» пилоттық жобасы жүзеге асырылған болатын. Тәжірибе ретінде қолға алынған жаңашылдық тиімділігін көрсетті. Бұл мәселе облыстық әкімдік отырысында талқыланды.
-
Fulbright түлектері ауыл мұғалімдеріне біліктілік семинарын бастады
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте Түркістан облысы ауылдарының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған кәсіби біліктілік семинары басталды.
-
Әкім баспаналы болған аналарға базарлық алып барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде көпбалалы отбасыларға жағдай жасау – мемлекеттің басты назарында. Ақтөбеде тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жұмыстары аясында тұрғындардың санаттылығына сай баспанамен қамту шаралары жүйеленген.
-
Мектеп оқушылары қайырымдылық балында 3 млн теңгеден астам қаржы жинады
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебі суденттерінің ұйымдастыруымен «Әлемге жақсылық сыйла» атты бал өтті. Қайырымдылық шарасы барысында жиналған 3 миллион теңгеден астам қаржы ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арбалар мен есту аппараттарын сатып алуға жұмсалды. Сондай-ақ 3 балаға ақшалай көмек көрсетілді.
-
ШҚО әкімі балабақшаларды тексеретін арнайы комиссия құруды тапсырды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласының тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдаған өңір басшысы Даниал Ахметов қала басшылығына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ білім саласына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
-
Ұлықбек Есдәулет: Қытайдағы қандастардың әдебиеті бізге жетпей отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада өткен «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық Комиссияның алғашқы отырысында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет осылай деді.
-
Қостанайда қара балмұздақ шығарылады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың Қостанайға жұмыс сапары барысында сүт өнімдері зауытында айтылды.
-
«Отандастар» қоры шетелдегі қазақтарды қолдау бағдарламасын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Елордада өткен «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық Комиссияның алғашқы отырысында «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов комиссия мүшелеріне шетелдегі қазақтарды қолдау бағдарламасын таныстырды.
-
Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Нұртай Әбіқаев: Алдымызда үлкен міндеттер тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық Комиссияның алғашқы отырысы өтті.
-
Президен сайлауы – 2019. Халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясына алдағы кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу жұмысы аяқталды.
-
3 маусым. Сайлау барысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 маусым күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.
-
Қазақстан президенті Атырау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
-
Ақмолалық жас кәсіпкерлерге 39 млн теңге грант бөлінді
Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылы аясында Ақмола өңіріндегі жас кәсіпкерлерге 39 миллион теңгенің қосымша мемлекеттік гранты бөлінді. Облыс аймақтарындағы 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасылар «Жас кәсіпкер» бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлім болды.
-
Сапарбаев пен Сұлтанов көпбалалы аналарды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қорғау министрлігінде көпбалалы аналардың жеке қабылдауын бастады.
-
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Аруна Жақсағұлова: Ең басты марапат – елдің батасы
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Үнемі игі істердің басы-қасында жүретін «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі таяуда Қазақстандағы Жапония елшілігі ұсынған «Шөп тамыры» бағдарламасы бойынша грант ұтып алды. Осы және өзге де жетістіктері жөнінде бізге бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова әңгімелеп берді.
-
Әскерилер суицид пен ойынпаздық мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Орталық аппаратында мекеме басшысының орынбасары полковник Дәулет Жұмабековтің басышылығымен «Суицидтік көңіл-күй мен ойынпаздық себептері, диагностика және алдын алу (психокоррекция)» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
-
Елордада ертең 40-тан астам іс-шара өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 маусым күні астанада Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, қала алаңдарында 40-тан астам тақырыптық, мәдени іс-шаралар өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Ақмола облысының шалғай ауылдарында 3000 адам тексерістен өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бурабай ауданы «Медицина жанымызда» республикалық акциясына қатысуда. Әр түрлі сала мамандарынан тұратын мобильді медициналық кешен ауданның шалғайдағы ауылдары арқылы өтуде.
-
Түркістанда туристерге арналған электр автобустар жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық «BYD» компаниясының өкілдері арасында Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесу өтті.
-
Президент «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Жамбыл өңіріне барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
9 жасар қыз «Хан Шатырдағы» бассейнге батып, қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11:30 шамасында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club демалыс орнының бассейнінде 2010 жылы туған оқушы қыз суға батып кетті, деп хабарлады «Хабар 24».
-
Елордада көркемсурет мектебі түлектерінің көрмесі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектері дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылады.
-
Премьер-лига: Эсеола мен Эппель жұбы жарап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті.
-
Елордада ҰОС ардагері өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер кеңесі 2 маусым күні Ұлы Отан соғысының ардагері Тұқпат Бакишевтің 93 жасында өмірден өткенін хабарлады.
-
Нығматулин Чехияның Қазақстандағы елшісін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудолф Гиклді қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Премьер-лига: «Астана» әзірге бірінші орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында елордада «Астана» мен «Жетісу» кездесті.
-
«Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жоба аясында «Студенттер үйі 2:0» акциясының таныстырылымы өтті.
-
Еліміздегі үздік отбасы «Мерейлі отбасы-2019» байқауында анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
-
Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасында болды
Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Бәсекелестікке қабілеттілікті одан әрі арттыру қажет – Тоқаев
Тараз, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 2-нен 5-не дейінгі мерзімде жөндеу жұмыстарына байланысты Көктал көшесінен бастап Тамшалы көшесіне дейінгі учаскеде М. Дулатов көшесі бойында автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
-
Премьер-лига: «Тобыл» сенімді түрде жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қостанайда «Тобыл мен «Шахтер» кездесті.
-
«Алтын жебе» І Әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында өткен «Алтын жебе» І Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақ мергені Ералхан Айкөз тұңғыш Әлем чемпионатының чемпионы атанды.
-
Премьер-лига: «Қайсар» төртінші орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қызылордада «Қайсар» мен «Ертіс» жолықты.
-
Шалғай аймақ тарихында алғаш рет жел электр станциясы пайдалануға берілді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Баламалы қуат көзін өндіруге бағытталған жоба құны 800 млн теңге. Бұл станция Түпқараған ауданына қарайтын Ақшұқыр ауылын басы бүтін, сондай-ақ елді мекенге іргелес қонған өндіріс орындарын да электр қуатын жабдықтауға қауқарлы.
-
Қызылорда облысында сүтті қайта өңдеу өндірісі дамып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сүт кешені және сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты.
-
Премьер-лига: «Ордабасы» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Шымкентте «Ордабасы» мен «Оқжетпес» кездесті.
-
Вадим Любарский көкпаршы: Ұлым да көкпар тартатын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вадим Любарский Солтүстік Қазақстан облысының көкпар құрамасындағы белді шабуылшыларының бірі. 19-26 мамыр аралығында Таразда Ұлттық ат спорты түрлерінен өткен Қазақстан чемпионатында СҚО көкпаршылары да болды.
-
Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында, жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
-
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
-
Премьер-лига: «Атырау» мен «Тараз» тең тарқасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында «Атырау» мен «Тараз» кездесіп, тең тарқасты.
-
Nurly Ertis аясында елордадан Екібастұзға 50-ден астам отбасы көшіп барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nurly Ertis бағдарламасының шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көпбалалы отбасы көшіп барды, деп хабарлады Елорда Инфо.
-
Қалыпты өмір сүру үшін адамға қанша демалу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар қалыпты өмір үшін қанша демалу керек екенін анықтады. Адамға кемінде үш апта жыл сайынғы демалыс қажет. Ал әрбір 62 жұмыс күні сайын демалыс алса тіпті жақсы дейді ғалымдар.
-
Отандық дзюдошы Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі додасында Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
-
Гималайда жоғалып кеткен сегіз альпинист іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның ең биік шыңдарының бірі Нанда-Девиге көтерілу барысында сегіз альпинист ұшты-күйлі жоғалып кетті. Олар – Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия және Үндістан азаматтары, деп хабарлады BBC ақпарат агенттігі.
-
Геннадий Головкин мен Стив Роллс көшеге шығып көз түйістірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Нью-Йорктегі Times Square алаңында көз арбасты, деп хабарлады Vesti.kz.
-
Тері обырының себептері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйқының жеткіліксіздігі осы ауруға себеп болуы мүмкін. Дәрігерлер тері обырының күтпеген үш себебін анықтады.
-
Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама бапкері қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров қызметінен кетті. Бұл туралы жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков хабарлады.
-
«7-20-25» бойынша баспана алған азамат сотта нотариусты жеңіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыз алған азамат жекеменшік нотариустан сот процесін жеңіп, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын нотариаттық куәландыру қызметі үшін артық төлеген 32 825 теңгені қайтарып алды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
-
Таскескен – Бахты тасжолы биыл толық пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Таскескен-Бахты» (ҚХР шекарасы) автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың соңында басталды. Жобаның бас мердігері «СК «Зайсан» ЖШС.
-
Сайлауда алғаш рет дауыс беретін елордалықтарға сыйлықтар табысталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жаcтағы елорда тұрғындары естелік сыйлықтар табысталады, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.
-
Америкалық компаниялар Мексикадан кетеді – Трамп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дональд Трамп Мексика билігі шекарадағы мәселені бір күнде шешеді деп есептейді.
-
Зайсан көлінде тыйым салынған ау құрған браконьер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Зайсан көлінде рейдтік іс-шаралар жүргізген Көкпекті аудандық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері тыйым салынған ау құрған браконьерді құрықтады.
-
3 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 3 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды.
Наверх