Премьер-лига: «Қайсар» төртінші орында

3 Маусым 2019, 12:59
1512
Бөлісу:
Премьер-лига: «Қайсар» төртінші орында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Қызылордада «Қайсар» мен «Ертіс» жолықты. 

Қызылорда командасы жайлы бұған дейін де айтқанбыз. «Қайсар» осы маусымда үштікке кіруден үмітті. Бұл жолы олар «Ертісті» жеңді. Павлодар командасы бірінші таймда қарсылық танытқанымен, екінші таймда шамалары жетпеді. Алаң иелері екі голын соғып, сенімді түрде жеңіске жетті.

Есепті Армения құрамасының ойыншысы Тигран Барсегян ашты. Ол соңғы 5 ойында 5 гол соғып отыр. Матчтың соңғы жағында Абдель Ламанж өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

13 турдан кейін 26 ұпай жинаған «Қайсар» турнир кестесінде 4-орында келе жатыр. 

«Қайсар» (Қызылорда) – «Ertis» (Павлодар) – 2:0.

Голдар:  Барсегян, 47 (1:0). Ламанж, 84 (2:0).

«Қайсар: Григоренко, Граф, Ламанж, Барсегян, Джон, Мбомбо (Зенькович, 46), Әмірсейітов, Марочкин, Нәрзілдаев (Гурман, 81), Тағыберген (к) (Садовничий, 89).

«Ertis»: Цирин, Дубра, Есімов (к), Каньяс, Хиди, Манзорро, Аслан, Шмидт (Сисей, 82), Тұрсынбай, Нүсіп (Райымбек, 65), Парагульгов (Кеңесов, 57).

Бас төреші: Денис Измайлов (Талдықорған). 

Қызылорда, Ғ. Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы. 2700 көрермен.

Өзгелердің жаңалығы