Все новости за 26 маусым 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Арыста өрт толық сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында құрылған жедел штабта Арыстағы төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстар және қаланың қазіргі жай-күйі жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында өрт сөндірілгенін мәлімдеді.
-
Мәжіліс депутаттары Арыстағы зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының Арыс қаласында оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті.
-
Көпбалалы отбасыларға зор қолдау болды – қызылордалық ана президент Жарлығы туралы
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық «Алтын алқа» медалінің иегері Жанат Сүлейменова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы аналардың және мүмкіндігі шектеулі адамы бар отбасылардың несиесін кешіру туралы тапсырмасы қанаттандырғанын жеткізді.
-
Атырауда алғаш рет «Әлеуметтік кәсіпкерлік апталығы» басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл шараға 22 әлеуметтік кәсіпкер қатысып жатыр.
-
Эмомали Рахмон Қазақстан халқына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның көңіл айту жеделхаты келіп түсті.
-
Мамин мен Медведев "Байқоңырдың" даму перспективасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.
-
Тоқаев Ермек Тұрсыновты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсыновты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президенттің бүгінгі Жарлығы шығысқазақстандық аналарға қуаныш әкелуде
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың несиелерін жабу жөніндегі бүгінгі Жарлығы осы санаттағы жанұяларға аз қуаныш әкеліп жатқан жоқ. Ертеңгі күннен үлкен үміт күтетін көпбалалы аналардың бірі Назгүл Құнапиянова құжатта айтылған шаралар іске асса тұрмыстың әжептауыр жеңілдеп қалатынын айтты.
-
Президенттің бұл Жарлығы халықты ынталандырады – елордалық ана
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпбалалы ана ретінде атаулы әлеуметтік көмек алатын елордалық Айжан Байғозиева ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған ел азаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы Жарлыққа қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
«Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі туралы: Екі жыл бұрын басталған жұмыстың жемісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорданың төрінде «Наз» мемлекеттік би театры «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклінің тұсауын кесті. Бір сағат жиырма минутқа созылған қойылымның қойылу барысымен «Наз» мемлекеттік би театрының режиссер – хореографы Қадиша Ағымбаева бөлісті.
-
Қарағандылықтар бүйрек паталогиясын онколог дәрігерлерге тегін тексерте алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусымда сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерде ісік алды ауруларын және бүйрек обырының ерте түрлерін анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
-
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форумға Ресей, оның ішінде Татарстан, Сингапур және Қазақстан мемлекеттерінен сарапшылар қатысты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарлайды.
-
Арыс тұрғындарының денсаулығы бақылауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында орын алған апатты жағдай барлық қазақстандықтарды біріктіріп, ешкімді бей-жай қалдырмады. Түркістан облысының медициналық ұйымдары және сол өңірге аттанған еліміздің медицина қызметкерлері тәулік бойы қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Арыс тұрғындары апта соңында үйіне оралады – Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласының тұрғындары осы аптаның соңына дейін үйлеріне оралады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
-
Пробация қызметі бастығының орынбасары сотталғаннан пара алғаны үшін ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Семей қаласының пробация қызметі бастығы орынбасарының пара алу фактісін анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Арыстан келетін 130 бала Баянауылда демалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Арыс қаласының апат аймағынан қала сыртындағы сауықтыру орталықтарына 300 баланы қабылдайды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
-
Президенттің несиені жабу туралы жарлығын естігенде қуаныштан жыладым – Әйгерім Жоламанова
Қасым-Жомарт Тоқаевтың көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар жандардың несиесін жабу жөніндегі жарлыққа қол қойғанын естігенде қуаныштан жыладым. Президенттің шешімін өте батыл қадам деп бағалаған талдықорғандық Әйгерім Жоламанова осылайша ақжүрегінен ақтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
-
Қырғызстанда әлем халықтары эпосының 5 дүниежүзілік фестивалі өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бішкекте 27 маусым күні әлем халықтары эпосының 5-ші дүниежүзілік фестивалі басталады. Шараға ТМД, Балтық елдері мен Грузиядан 60-тан аса ғалымдар мен зерттеушілер қатысады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Көпбалалы отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінетінін айтты.
-
#АрысБізБіргеміз. Өнер жұлдыздары зардап шеккендермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізге белгілі өнер жұлдыздары лек - легімен Шымкент қаласына қарай ағылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындар мен әскерилерге көмек көрсетіп, қолдау білдіру
-
Алматы әкімдігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бейбіт митинг қаладағы Сарыарқа кинотеатрының артында өтеді.
-
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы қайта талқыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов халықпен есепті кездесуінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы қайта талқыланып жатқанын айтты.
-
Ассамблея өкілдері Арыс тұрғындарына үйлерін босатып берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатқан ұйымдар, мекемелер өте көп. Олардың арасында Қазақстан xалқы Ассамблеясы да бар.
-
Борыш жүктемесін азайту туралы Жарлыққа түсініктеме берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» №34 Жарлығына түсініктеме берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Тоқаев Арыстағы оқиға жайлы ақпарат таратқан журналистерге алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесі қарсаңында журналистерді құттықтады.
-
LRT құрылысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталуы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінен кейін брифингте Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатынын айтты.
-
Отандық фильмдер Лондонда марапатталды
Жуырда Лондон қаласында
«Romford Film Festival» Британ кинофестивалі аясында өткен Eurasian Creative
Guild Film Festival-ге қазақстандық үш фильм қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
-
Смайылов қандай жағдайда салық төлеушілердің өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалатын салықтық амнистия нәтижелерін айтты.
-
Елордада автобус бағыттары уақытша өзгереді
Нұр-Сұлтан қаласында жол
жөндеу жұмыстарына байланысты №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалыс
сызбасы уақытша өзгереді.
-
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, аймақ басшысының өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрлыбай Қаржаубайұлы Аққұлов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Арысты қалпына келтіруге үкімет резервінен қаржы бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінеді. Бұл туралы Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
-
#АрысБізБіргеміз. Қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арысқа қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар. Бұл туралы "Республикалық студенттік қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев айтты.
-
ШҚО-дағы зауыттар Арысқа 107 млн аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету шараларына алғашқылардың бірі болып өңіріміздегі ірі кәсіпорындар атсалыса бастады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
-
Ұлттық қорда қанша ақша бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы айтты.
-
Тоқаев тұрмысы төмен азаматтардың несиесін өтеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев əлеуметтік осал топтағы азаматтардың несиесін өтеуді тапсырды.
-
Бюджеттің барлық деңгейі бойынша кірістер асыра орындалды – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы, салық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит саласындағы шаралар туралы баяндады.
-
Еліміздегі үздік БАҚ өкілдері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарының және алғыс хат иелерінің есімі белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Арыс қаласы аумағынан 130-ға жуық снаряд табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласы аумағында Түркістан облысы Полиция департаментінің 448 қызметкері мен 75 арнайы автокөлігі жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
ІІМ: Арыс қаласында 350 адам жоғалғаны туралы ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түрде Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.
-
Президент азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету мақсатында қаулы етті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
#АрысБізБіргеміз. Филантроп 10 млн теңге аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң, зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз қызмет xабарлады.
-
#АрысБізБіргеміз. Қорға түскен қаржы көлемі 225 млн теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
-
#АрысБізБіргеміз. Павлодарлықтар 90 тонна жүк жөнелтті
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Павлодар қаласынан Арысқа азық-түлік тиелген жүк көліктері жөнелтілді.
-
Заңды тұлғаларды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» жүргізетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жыл басынан бері 6% өсті
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 517 млрд теңгеге немесе 6%-ға өсті. Бұл туралы БЗЖҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қызылорданың көркемсурет галереясына Салихитдин Айтбаевтың есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-25 маусым аралығында Қызылордада Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан шеберлерінің қатысуымен ұйымдастырылған «Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» атты қылқалам шеберлерінің халықаралық симпозиумы өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарласты.
-
Өскеменде Шәкәрім көшесін кеңейту жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шәкәрім көшесінде жолды кеңейту бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
-
«Өздеріңіз бағалаңыздар»: Вице-министр жарылыс кезінде жылаған әскери қызметкерге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы жарылыс кезінде көз жасына ерік берген әскери қызметкердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Қорғаныс вице-министрі Тимур Дандыбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде осы жазбаға қатысты пікір білдірді.
-
Оқиға қайталанды - Депутат Арыстағы жарылысқа қатысты пікірін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақаттандарға тез сауығып кетуін тіледі.
-
«Луна» жарылғышының жарылатыны – жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желіде тарап кеткен хабарламаға қатысты түсініктеме берді.
-
«Свадьбасы қайда болады?» Қазақстанда сотталғандар отбасымен алғаш рет видео арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пилоттық жоба Ақмола облысында іске қосылды. Шілде айының соңына дейін сыналмақ. Алыстан жете алмайтын не жасы егде тартып, үйінен шығуы оңай емес қарт кісілер балаларын видео арқылы көріп қуанып жатыр.
-
ҚТЖ: Арыстағы жағдайдан соң 12 мың жолаушы тегін жеткізілді
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис және клиенттермен жұмыс департементінің директоры Әлібек Сұлтанов Арыстағы жағдайға байланысты жол үстінде қалып қойған жолаушыларға қандай көмек көрсетілгенін айтты.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМҚ 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Семей спорт академиясының шәкірттері Мажарстаннан олжалы оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей спорт академиясының қос шәкірті Мажарстаннан олжалы оралды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
-
#Желмая. Ержан Максим - атасы, стакан, әкім мен ән салу туралы
Атасы Максим не деп кейіді? Шоуда стаканның сынғаны рас па, қойылым ба? Әкім оған не сыйлады?
-
Елордалық дәрігерлер Арыс қаласындағы тұрғындарға қаражат бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы ахуалды жағдай бүкіл ел үшін ортақ қайғы. Қазақстан бойынша гуманитарлы көмекпен қатар, Арыста болған жарылыстардан зардап шеккендерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Фармацевтикалық компаниялар арыстықтарға 25 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін әкелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 фармацевтикалық компания Арыстағы апаттан зардап шеккендерге 25 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін әкелді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Арыстағы жарылыстан қаза тапқан үшінші адамның кім екені анықталды
Арыс қаласындағы жарылыстан қаза тапқан үшінші
адамның кім екені анықталды.
-
«Нұр-Сұлтан-Токио» әуе рейсіне билеттер сатылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан - Токио бағыты бойынша әуе билеттерінің сатылымы басталады, деп xабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
-
Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығады. Бұл жайында мәжілісмен Василий Олейник айтты.
-
Педагог Арыстағы жүкті әйелді қалай босандырып алғандарын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыс кезінде жолда қашып бара жатып, жүкті әйелді босандырып алған 3 педагогтың бірі – Балбөпе Утенова. Атыраудан шыққан ұстаз Арысқа бірінші рет барған екен. Ол оқиғаның мән-жайын журналистерге айтып берді.
-
#АрысБізБіргеміз. Алматыдан гуманитарлық көмек керуені аттанды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы мәдени ошақтарының гуманитарлық көмегі Арысқа жолға шықты.
-
Арыста қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
-
Тоқаев Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысын тағайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт-Тоқаевтың өкімдерімен бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
-
Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шекара маңында тұратын қазақстандықтар үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдетіледі. Бүгін Мәжіліс сәйкес құжатты мақұлдады.
-
Ақтөбеде балаларды судан құтқарған жастар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Алау» жағажайында екі бірдей баланы құтқарып қалған Азамат Дәулетов пен Арман Балмағамбетовке қалалық жастар ресурстық орталығы атынан алғыс хат табысталды. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
-
«Астана Опера» әртістері Көкшетауда аншлаг жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 маусым күні «Астана Опера» солистері мен Камералық оркестрі Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында орасан зор табыспен өнер көрсетті. Көкшенің көрермені Дж.Россинидің әзілге толы, жарқын «Жібек саты» фарс-операсын шаттықпен қабыл алды. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Аймағамбетов Арыстағы жарылыс кезінде әйелді босандырған ұстаздарға алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыс кезінде атыраулық 3 ұстаз жүкті әйелді жол бойындағы ауылдардың бірінде босандырды.
-
Сейдахмет 2 жылдан кейін Қазақстанға оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» клубынан Алматының «Қайрат» сапына ауысты. Бұл туралы «Қайраттың» баспасөз қызметі хабарлады.
-
Айдын Рахымбаев Арыстағы 100 үйді қайта қалпына келтіруге 100 млн теңге бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін хабарлады.
-
Қазаннан Абай туралы жазылған ескі газеттер әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде, деп жазады Аltaynews.kz.
-
Кәсіпкерлер 25 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тегін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлер Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде тегін дәрі-дәрмектерін ұсынды. Дәрілік препараттардың жалпы құны 25 млн теңгені құраған
-
Нығматулин: Арыс қаласының тезірек қалпына келуі - баршамыздың ниетіміз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «баршамыздың ниетіміз – Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы» деді.
-
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
26 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде ауа райы тұрақсыз болады.
-
#АрысБізБіргеміз. 2 күнде арнайы қорға 213 млн теңге жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыстағы оқиға қоғамды ізгілік жолында біріктірді. Еліміздің түкпір-түкпірінен отандастарымыз арыстықтарға көмек қолын созуда.
Наверх