Сейдахмет 2 жылдан кейін Қазақстанға оралды

26 Маусым 2019, 10:23
1342
Бөлісу:
Сейдахмет 2 жылдан кейін Қазақстанға оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің «Уфа» клубынан Алматының «Қайрат» сапына ауысты. Бұл туралы «Қайраттың» баспасөз қызметі хабарлады.

Келісімшарт үш жылға жасалған. Егер екі тарап әріқарай келісіп жатса, тағы 2 жылға келісімшартты соза алады. Еркебұлан «Қайрат» сапында 10 нөмірмен ойнайды. Бұған дейін бұл жейдені бразиялық Исаэль киген. Ол өткен жылдың соңында келісімшарты аяқталған соң, Венгрия чемпионатына ауысып кеткен.

19 жастағы Сейдахмет осыған дейін «Уфа» клубына тиесілі болған. Ол Башқұртстан командасының құрамында 2018 жылдың ақпанынан бері жүрді. Бірақ команда сапында 4 матчқа ғана қатысқан. Биыл көктемде Болгарияның «Левски» клубына жалға берілді. 

«Қайрат» сапына ауысқаныма қуаныштымын. Бұл менің бала кездегі арманым болатын. «Қайратпен» бірге жаңа жеңістер мен жетістіктерге қол жеткіземін деп ойлаймын. Көп жұмыс істеп, үздік ойыншылардың біріне айналатыныма сенімдімін. Бұл жерде менің үкен ағаларым мен достарым ойнайды. «Қайратпен» бірге жаңа белестерді бағындыратынымызға сенімдімін», - дейді Сейдахмет.

Өзгелердің жаңалығы