Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

26 Маусым 2019, 08:57
1371
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 26 маусымда Балқаш және Қарағанды қалаларда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болуы күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы