Все новости за 19 наурыз 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Назарбаев пен Жээнбеков уағдаласты
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өзбекстан президенті өкінішін жеткізді
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жолдыбалина: Ұлт пен ұлыс Елбасыға қашан да қолдау көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы, Ph.D Алуа Жолдыбалина ҚР Президентінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы шешімін тағдыршешті мәселе деп бағалайды.
-
ЭКСПО-дан қалған
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада ЭКСПО көрме аумағында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті.
-
Алматы - әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі
Астана, BAQ.KZ. Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу орталығы әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат және ең арзан қалалардың тізімін жариялады. Тізімге барлығы 133 қала енген.
-
Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Астана, BAQ.KZ. Ресей басшысы Владимир Путин 19 наурыз сейсенбіде өз өкілеттігінен бас тартқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ТАСС ресейлік президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап хабарлады.
-
Биыл Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» аясында 89 жоба іске асады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Рухани жаңғыру – тарихи таңдау» ғылыми-танымдық конференциясы өтті.
-
Ертең Парламенттің бірлескен отырысы өтеді
Астана, BAQ.KZ. Н. Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Павлодарда «Ymai» халықаралық ғылыми-зертханасы ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Margulan Centre» орталығының жанынан «Ymai» ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды.
-
IT-Университет. Алғашқы жылы 1000 студент қабылдайды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада ЭКСПО көрме аумағында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Шара барысында көрме құрылысын қайта жобалау аясында құрылған арнайы орталықтарды таныстырды.
-
ҚР Тұңғыш Президентінің көмекшісі мен кеңсе басшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент кеңсесіндегі ауыс-түйістер
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев Тоқаевтың Президенттік қызметке қашан кірісетінін айтты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы.
-
Назарбаевтың 19 наурыз күнгі үндеуі - толық мәтіні
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі. Толық мәтінді Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
-
Елбасы Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
Астана, BAQ.KZ. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде айтты.
-
Президенттің міндетін Тоқаев атқарады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.
-
ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.
-
«Алтын адам» байқауының жеңімпазы анықталды
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жастары Алтын адамды жасау бойынша шеберлік байқасты. Макет жарысына 10-нан астам өнерлі ұл-қыз қатысты.
-
Ақтөбе облысында егістік алқабы ұлғаяды
Астана, BAQ.KZ. Биыл 805 мың гектардан астам жерге дән себіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді.
-
Наурыз мерекесі. Ұлттық арнадан не тамашалауға болады?
Астана, BAQ.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Qazaqstan», «Qazsport», «balapan», «Tamasha Tv» және аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының қатысуымен «Наурыз мерекесіне тарту» атты баспасөз-конференциясы өтті.
-
Полицейлер бір күнде мал ұрлығының 20-ға жуық дерегін ашты
Талдықорған, BAQ.KZ. «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары өзгенің малына қол салудың 19 дерегін әшкереледі. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақмолада 700-ге жуық көше атауы қазақшаланды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде 23 елді мекен мен 696 көшеге қазақша атаулар берілді. Облыс орталығында Мирзоян, Садовая, Урожайная, Западная, Тихая, Первомайская атала салған көшелер Жұмағали Тілеулин, Бәйімбет батыр, Байдалы би, Саққұлақ би, Бапан би, Үмбетеу жырау есімдерімен аталады.
-
Өзбекстан БАӘ азаматтары үшін визасыз режим енгізеді
Алматы, BAQ.KZ. Өзбекстан осы жылдың 20 наурызынан бастап, Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді енгізеді. Мұндай жарлыққа ел президенті Шавхат Мирзиеев қол қойды, деп жазды УзА ақпарат агенттігі.
-
Кадрлық ауыс-түйістер
Астана, BAQ.KZ. Ақордада кадрлық ауыс-түйістер орын алды.
-
Мамандандырылған ХҚКО-да көлік нөмірін рәсімдеуге «көмектесушілер» ұсталды
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда мамандандырылған ХҚКО-да «көлік нөмірін рәсімдеуге көмектесем» деп, елді алдап жүрген екі ер адамның қолына кісен салынды. Бұл туралы бүгін брифингте Полиция департаменті Өзін-өзі қорғау басқармасының бастығы Алтынбек Шүйіншәлиев айтты.
-
Бүгін Назарбаев Қазақстан халқына мәлімдеме жасайды
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақмола облысының Зеренді ауданына әкім тағайындалды
Аcтана, BAQ.KZ. Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Зерендi ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің сайты хабарлады.
-
ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 100 түп бөртегүл егілді
Алматы, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру мақсатында бүгін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қолдауымен Жас натуралистер станциясының белсенділері ҚР Тұңғыш Президенті саябағы аумағына 100 түп бөртегүл отырғызды.
-
Ұлттық мұражайда ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұсауы кесілді
Астана, BAQ.KZ. Іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында өткізілді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
-
Наурыз мерекесінде елордада қандай ауа райы күтіледі?
Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері қалада сынап бағанасы 5 градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде төртінші орында
Алматы, BAQ.KZ. Алматы өмір арзандығы бойынша әлемнің 113 қаласының ішінде төртінші орынды иеленді. Аталған рейтингті британиялық Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымының сарапшылары жасаған.
-
Лондон кітап көрмесінде қазақстандық баспа өнімдері таныстырылды
Астана, BAQ.KZ. Ұлыбританияда өткен кітап көрмесі (London Book Fair) аясында қазіргі қазақстандық баспа саласының туындылары таныстырылды.
-
Үйі бар көпбалалы аналарға жөндеу жұмыстары жағынан да көмек көрсетіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы аналарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының басшысы Гаухар Танашева «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайының құрылғанына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.
-
Қостанайда «Бастау Бизнес» бойынша алғашқы 500 адам оқуға кірісті
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында «Бастау Бизнес» жобасы басталды. Осы жылы мыңнан астам сертификат өз иесін табады. Ал 18-29 жас аралығындағылар «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы оқытылады. Бұл жөнінде Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржысыз қолдау бөлімінің басшысы Роберт Юсупов мәлімдеді.
-
190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті елімізге экстрадицияланды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның сайты хабарлады.
-
Елордада көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде
Астана, BAQ.KZ. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
«Астана Опера» көрермендерге жаңа жоба ұсынбақ
Астана, BAQ.KZ. «Астана Опера» Камералық залы сахнасында «Piccolo Театры» немесе «Шағын театр» атты жаңа жоба ұсынылмақ. 6 және 7 сәуір күндері Дж.Россинидің «Жібек саты» бір актілі опера-фарсының премьерасы өтеді.
-
Елімізде жыл сайын 400-ге жуық әйел күйеуінің қолынан мерт болады – дағдарыс орталығы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі отбасылық жағдайды түзету мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде алимент төлеу бойынша ата-ананың жауапкершілігі мен ролі де қаралады. Бұл туралы «Тұрмыстағы зорлыққа қарсы дағдарыс орталығының» директоры Зульфия Байсақова «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайының құрылғанына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.
-
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
-
Студенттер Шекспирдің туындысын сахналады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің драма театры актерлерін даярлайтын бөлімін биыл тәмамдайтын студенттер У.Шекспирдің атақты «Макбет» трагедиясын сахналады.
-
Түркістан облысында мұражай салынуда
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
-
«Қазпошта» цифрлық жобаларды дамытуда
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы компанияның қол жеткізген маңызды жетістіктерінің ішінде - франчайзингтік бөлімшелер желісін, цифрлық кеңселерді, онлайн қызметтерді дамытуы және дрондармен жеткізілетін мерзімді басылымдардың көлемін өсіру болды.
-
Шымкентте жастар бір тоннадан астам бауырсақ пісірді
Астана, BAQ.KZ. Шымкентте Наурыз мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері 1 тоннадан астам бауырсақ пісірді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
-
Атырау облысында параспортшы баспаналы болды
Астана, BAQ.KZ. Жергілікті кәсіпкер демеушілігінің арқасында, Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Медет Сұпығалиев Исатай ауданында жаңа үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
-
Ақмолада су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысының аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді, деп жазады ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
220 адам өлімі: Сапарбаев еңбек қауіпсіздігі күшейтілетінін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігі мәселесін көтерді.
-
Елімізде «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әйелдер мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
-
Астанада Әлихан Бөкейхан музейі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш Орда қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды.
-
Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік банк анықталды
Астана, BAQ.KZ. Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады.
-
Жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейтілуі керек - Сапарбаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қазір ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы көбейтіліп жатқанын айтты. Министр олардың жалақысы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде көбейтілуі керек дейді.
-
Шара Жиенқұлова атында қазақ биінен байқау өтеді
Астана, BAQ.KZ. 27-29 наурыз аралығында «Астана Балет» театрында Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауы өтеді.
-
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
Астана, BAQ.KZ. Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық жарыстарға 88 спортшы қатысуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин еңбек қауіпсіздігі бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды
Астана, BAQ.KZ. Бір айдың көлемінде еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 жылға арналған жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
-
Алматы орталық клиникалық ауруханасының директоры пара алды деген күдікпен қамалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда пара алды деген күдікпен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры Нұрлан Турдалин қамауға алынды.
-
Полициядан лайфхак: телефон алаяқтықтарынан сақтану жолдары
Алматы, BAQ.KZ. Полициядағылар алаяқ адамдардың туысыңыз болып қоңырау шалып, ақша жіберуіңізді өтінгенде не істеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Астанада экологиялық науқандар өтеді
Астана, BAQ.KZ. «Астана – таза және қауіпсіз қала» акциясының аясында қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру шаралары өткізілетін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайты хабарлады.
-
Министр жастар баспанамен қалай қамтылатынын айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жас мамандар баспанамен қалай қамтылатынын айтты.
-
Түркістанда ардагерлерге қолдау көрсетіледі
Астана, BAQ.KZ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір ардагерлерімен кездесті. Басқосу ел бірлігі, жастар тәрбиесі, елдің әлеуметтік жағдайын көтеру, Түркістанды түлету мәселелері бойынша өрбіді.
-
Ресейге самаурын тасыған жігіт ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» бөлімшесінен өтпек болған 35 жастағы қазақстандық ұсталды, деп мәлімдейді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
-
Жыл сайын 6 мың көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі – Скляр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жалдамалы тұрғын үй жыл сайын 6 мың көпбалалы отбасын пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
-
Мамин: 1 мамырдан бастап көпбалалы отбасыларға пәтер бөлу басталады
Астана, BAQ.KZ. Еліміздегі көпбалалы отбасыларға пәтер беру 1 мамырдан басталады. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.
-
Павлодар мектептерінің 25% жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізеді
Астана, BAQ.KZ. Павлодардың №7 жалпы орта білім беру мектебінде үш тілді оқыту бойынша «Үздік сабақ әзірлеу» жөніндегі І қалалық байқауы өтті, деп жазады pavlodarnews.kz.
-
Балқашта 3 жолаушысы бар көлік суға батып кетті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Алматы-Екатеринбург бағытындағы күре жолдың Балқаш қаласына жақын жеріндегі Шұбар Түбек елді мекенінің маңында ішінде үш жолаушысы бар автокөлік суға батып кеткен. Абырой болғанда адамдар дін аман.
-
70 кг махоркамен ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу-авто» өткізу бөлімшесінде «Мерседес Бенц» автокөлігімен Қазақстан аумағына кірмек болған 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.
-
Қар тазаламаған қарағандылық бизнесмендерге 9,5 млн теңге айыппұл салынды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда өздеріне тиесілі аумақтағы қарды уақытылы тазаламаған кәсіпкерлер айыппұл төлейтін болды. Өткен аптада полицейлер рейд жүргізіп, банктер мен ресторандардың, дүкендер мен офистердің иелеріне 9,5 миллион теңге көлемінде 189 айыппұл салған.
-
Шымкентте оқушылар белгісіз иістен уланды
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте мектеп оқушылары мен қызметкерлері белгісіз иістен уланды. Оқиға 18 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Шымкенттің Абай ауданына қарасты Ынтымақ шағын ауданындағы №54 мектепте болған.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.
Наверх