Все новости за 7 ақпан 2019
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Депутаттар Паралимпиадалық орталыққа барды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астана қаласында Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында паралимпиялық орталығындағы мүгедектігі бар спортшылармен және еңбек ұжымымен кездесті.
-
Қазақстандық зілтеміршілер Тайландтағы халықаралық турнирге қатысады
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Тайландта ауыр атлетикадан халықаралық турнир басталды. Аталған сын 2020 жылғы Олимпиада ойындарына ұпай тарататын жарыстар қатарына жатады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Ақтөбеде бірнеше колледж біріктіріледі
Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша бірнеше колледж біріктіріліп, кейбірі жабылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
-
Шуда 52 жастағы тұрғынның үйінен 28 келіден астам марихуана табылды
Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданы Абай ауылының 52 жастағы тұрғынының үй-жайынан салмағы 28 келі 360 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді, деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
-
Түркістанда шоколад өндіретін цех іске қосылды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында бірқатар нысандар игілігіне берілді.
-
Тоңып қалған елорда тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратылуда
Астана, BAQ.KZ. «Сарыарқа» ауданы әкімдігі кәсіпкерлермен және «Астана жастары» ресурстық орталығымен бірлесіп, аялдамаларда, көшеде ыстық шай мен бауырсақ таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
«Нұр Отанның» жанынан балалар құқығын қорғау Кеңесі құрылды
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды.
-
Түркістанда жаңа емхана пайдалануға берілді
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр ауылдық округінде 20 мың жергілікті халыққа қызмет етуге шақталған ауылдық емхана ел игілігіне берілді.
-
Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы ауысты
Алматы. BAQ.KZ. Алматы қалалық мобилділік басқармасының жаңа басшысы болып Сағындық Телібаев тағайындалды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің ресми өкілі Тимур Базарбаев хабарлады.
-
Ақтөбе облысында Smart-фермаларды құру жұмыстары басталды
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай хабарлады.
Оның айтуынша, 2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 228,2 млрд теңгені құраған. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғар
-
7 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақордада бірнеше кадрлық тағайындау болды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев тағы бір Елшілік қызметті қоса атқаратын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының басшысын қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспсөзы қызметі хабарлады.
-
Автокөлік шамдарын ұрлаумен айналысатын күдікті ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде түнде аулада тұрған «Volkswagen Touareg» маркалы автокөліктерден шамдарын ұрлаумен айналысқан 25 жастағы ер адам ұсталды.
-
Елімізде сайлау комиссияларының құрамы жаңартылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанда бұған дейін құрылған сайлау комиссияларының бес жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты биыл 10202 сайлау комиссиясының құрамы жаңадан бекітілді.
-
Бұдан былай айыппұл туралы Telegram-bot арқылы білуге болады
Астана, BAQ.KZ. @EgovKzBot мессенджерінде тағы да 4 қызмет пен сервис іске қосылды.
-
Шөкеев тауық жұмыртқасы экспортын миллиардқа жеткізуді тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев экспртталатын тауық жұмыртқасы санын миллардқа жеткізуді тапсырды. Бұл туралы ол министрліктің алқа отырысында мәлімдеді.
-
Елбасының қатысуымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанда жалдамалы баспана қымбаттады
Астана, BAQ.KZ - 2019 жылдың қаңтар айында жалдамалы пәтердің құны 1 шаршы метр үшін 1,4 мың теңгеніқұрады. Бұл өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
-
Шөкеев аграрлық ғалымдарға: Фермерлермен бірге жұмыс істеңдер
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Өмірзақ Шөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Ұлан Тәжібаевқа баяндамасында құр статистика бермей, мәселені талқылауды сұрады.
-
ТЖД Астанада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
Астана, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар департаменті елорданың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларын жұмыс күнін қысқартуға шақырды.
-
Астаналық такси қызметі жолаушыларды тегін тасымалдайды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін ASTANA TAXI көліктері қалалық автобустар бағдарымен жүріп, жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы Астана қалалық ортаны регенерациялау басқармасы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.
-
Қазақстан Ресейге шынжыртабандарды экспорттай бастады
Астана, BAQ.KZ. «Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталған техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді.
-
Алғаш рет қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды
Қарағанды, BAQ.kz тілшісі. Қарағандының Достық үйінде зейнет жасындағы қарттардың кез келген күні бас қосып, пікір алмасып, уақыттарын тиімді өткізе алатын орталық жұмысын бастады.
-
Шөкеев шошқа етін Қытай нарығына шығаруды тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев әріптестеріне мал еті шаруашылығына назар аударды тапсырды. Бұл туралы ол ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
-
Зүлфия Ғабидуллинаның өміріне арналған фильм Ресейде үздік атанды
Астана, BAQ.KZ. «QAZSPORT» телеарнасының «История маленькой русалки» атты деректі фильмі «Атлант» (Ресей) XIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде бірінші орынға ие болды.
-
Қарағандыда аяз -45 градусқа дейін жетеді
Қарағанды, Baq.kz тілшісі. Кеше Қарағанды облысының кейбір аймақтарында ауа температурасы -38 градусқа дейін төмендеді. «Қазгидрометтің» мәліметінше, аймақтың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -45 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
-
Өмірзақ Шөкеев алқа отырысын бір минут үнсіздікпен бастады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы бір минут үнсіздікпен басталды.
-
Мемқызметкердің қарапайым азаматтармен сөйлесу ережесі дайындалмақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлердің қарапайым азаматтармен телефон арқылы сөйлесу ережесі дайындалады.
-
Құтқарушылар өртенген үйден сәбиді алып шықты
Қарағанды, Baq.kz тілшісі. Бүгін таңертең Қарағандыда жеке тұрғын үйдің шатырынан шыққан өрт тұрғын үйдің барлық аумағына таралып, бір отбасының өміріне қауіп төндірді. Құтқарушылар жалынның ортасынан бір баланы алып шыққан.
-
Мемлекеттік қызметкерге еркін киінуге мүмкіндік берілмек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкерлерге жұма күні еркін киінуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті.
-
Ұлттық экономика министрі 10 жыл бойы ипотека төлегенін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жыл бойы ипотекалық несие төлегенін айтты.
-
Павлодарлықтар пәтерлерінің суып кетуіне шағымдануда
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қыс қаһарына мінді. Қатты аяз салдарынан тұрғындар тарапынан коммуналдық қызмет мекемелеріне шағымдар көбейді. Азаматтар пәтерлерінің суып кеткеніне алаңдаулы.
-
Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгермек
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Енді мемлекеттік қызметке орналасу ашық конкурс арқылы жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті.
-
Отандық деректі фильм Лондон кинофестиваліне қатысады
Астана, BAQ.KZ. «Бабалар мұрасы» деректі фильмі Лондон халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Фестиваль 2019 жылғы ақпан айының 16 мен 23 аралығында өтеді.
-
Ақтөбеде қаңтарда 33 өрт болды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында қаңтарда 33 өрт оқиғасы тіркелді. 17 тұрғын үй жанған. Көлік өрті де жиілеп тұр. Өрт сөндірушілер дабыл қағады.
-
Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі жетілдіру қажеттігін мәлім етті.
-
Өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 2018 жылы қанша шенеуніктің парамен ұсталғанын мәлім етті.
-
Көпбалалы отбасылар мәселесі: Екі аптадан кейін ұсыныстар жарияланады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов елімізде жастар санының азайып кету мәселесін және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету проблемасын көтерді.
-
Ғалымдар жер бетінде қашан хаос орнайтынын айтты
Астана, BAQ.KZ. Канаданың Макгилла университетінің ғалымдары мұздардың еруі Жер климаты үшін жағымсыз жағдайларға, соның ішінде, жер шары бойынша ауа температурасы мен ауа райының күрт құбылуына алып келетінін анықтады. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлады.
-
Ақмолада жыл басынан бері 110 өрт оқиғасы тіркелген
Ақмола. Baq.kz тілшісі. Ақмолада жыл басынан бері 110 өрт оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 5 адам қаза болды.
-
200 күн жел, 300 күн ашық аспан. Әзірге - 12 МВт
2018 жылы, өнеркәсібі пен өндірісі жолға қойылған Германияда электр
энергиясының 40% экологиялық энергия көздерінен болды (дереккөз
- ISE Frauenhofer қоғамының күн-энергетикалық жүйелер институты).
-
Димаш Құдайберген The World's Best шоуында қазыларды таңқалдырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Димаш Құдайберген америкалық The World's Best («Әлемнің үздіктері) таланттар байқауының алғашқы турында жоғары 98 ұпайға ие болды.
-
Ақтөбеде медициналық мекемелер қағазсыз құжат айналымына көшті
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Сұлтанов Астана шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешуге уәде берді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қала шетіндегі уақытша баспаналар мәселесін шешу қарастырылып жатқанын айтты.
-
Тарбағатайдың Елеке сазындағы қазба жұмыстары жалғасын таппақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Тарбағатай ауданының Елеке сазындағы қазба жұмыстары биыл да жалғасын табады. Ол үшін облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы алдағы сәуір айының біріне дейін қажетті құрылғыларды сатып алуы қажет.
-
Жастар жалған діни стереотипті емес, ұлттық дәстүрді арқау етуі тиіс – Тоқаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар саясаты жөніндегі дөңгелек үстел барысында осылай айтты.
-
Астанада жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бірыңғай база құрылады
Астана, BAQ.KZ. «Астана жастары» орталығы Жастар жылында фестивальдер, байқаулар, концерттер, флешмобтар, спорттық жарыстар, КТК мен жас астаналықтарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған жобалар сияқты 150-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Ошақбаев: Түркістан полициясы 422 мың теңгеге кресло сатып алмақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан қаласы ішкі істер басқармасы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы массаж жасайтын креслоны 422 мың теңгеге сатып алғысы келеді.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы мониторинг тобының м
-
Қостанайда ер адам өз үйінің ауласында үсіп өлді
Астана, BAQ.KZ. Қостанай облысында тағы бір адам үсік шалу салдарынан көз жұмды. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев: Жастарға бизнеспен айналысу үшін тиісті жағдай жасамай отырған шығармыз?
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды жұмыспен қамту және олардың бизнеспен айналысу мүмкіндігі жайлы айтты.
-
Өткен тәулікте Астанада 5,6 мың текше метрден астам қар жиналды
Астана, BAQ.KZ. 6 ақпанда қаланы қардан тазалауға 85 жұмыскер шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
Тоқаев: Мектептегі зорлық-зомбылық – барлық мемлекеттік орган жұмысындағы кемшілік
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқық бұзушылық пен қылмыстардың 50%-ын жастар жасайтынын айтты.
-
Баянауылда иіс тиген отбасының аман қалған екі қызына пәтер беріледі
Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында иіс тиіп көз жұмған екі ересек азамат пен екі бала жер қойнауына тапсырылды.
-
382 млн теңге жымқырған күдікті экстрадицияланды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
-
Сегіз облыста жол жабылды
Астана, BAQ.KZ. Қатты аязға байланысты Қазақстанның сегіз облысында қалааралық жолдар жабылды. Бұл туралы "Қазавтожол" республикалық кәсіпорыны хабарлады.
-
Алматыда мешітте ұрлық жасаумен айналысқан адам ұсталды
Астана, BAQ.KZ. Алматыда мешітте ұрлық жасаумен айналысқан қалта ұрысы ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мілімдеді деп жазады Zakon.kz.
-
«Рухани жаңғыру»: Түркістанда 10 кітап жарық көрді
Астана, BAQ.KZ. Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кітапханасында орналасқан «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығарылған 10 кітаптың таныстырылымы өтті.
-
Федерация кубогы: Қазақстан құрамасы Тайландты жеңді
Астана, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер командасы Федерация кубогы аясындағы алғашқы матчта Тайланд құрамасынан басып түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодарда бір отбасы екі баласымен ыстан уланып көз жұмды
Астана, BAQ.KZ. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында тілсіз жау бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті.
-
Еліміздің бірқатар өңірінде сабақ тоқтатылды
Астана, BAQ.KZ. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аязға байланысты мектептердегі сабақтар тоқтатылды.
-
Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
Астана, BAQ.KZ. Қатты аязға байланысты Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын экспресс автобус бағдарлары тоқтатылды, деп хабарлайды Астана LRT компаниясы.
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
-
Көпбалалы ана статусымды қайтаруды сұраймын – 4 баланың анасы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандылық танымал блогер, журналист, 4 баланың анасы Ләззат Қожахмет көпбалалы аналар алатын жәрдемақыны, жеңілдіктерді алмайтынын айтады. Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы да 4 балалы отбасыға берілмейді. «Ананың анадан несі кем?» деп шырылдаған анаға хабарласқан болатынбыз.
-
7 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміз бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Батыс, оңтүстік-шығыс және шығыстың кей жерінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Наверх