Сириядан елге оралған келіншек сотталды

27 Шілде 2019, 08:22
2154
Бөлісу:
Сириядан елге оралған келіншек сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік 29 жастағы Зарина Ақмалаева сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Жалғызбасты ана әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттап, жиһадқа шақырған, деп хабарлады aktobenews.kz.

ҚР ҚК-нің 256 бабы 2-бөлігі, 174 бап 1-бөлігімен жауапқа тартылған сотталушы қауіптілігі орташа жазалау мекемесінде 5 жыл жазасын өтейді. Қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралды.

29 жастағы Зарина Ақмалаева «Жусан» операциясымен елге жеткізілген. Сотталушы мектеп бітірген бойдан тұрмысқа шыққанын айтты.

Айыптау қорытындысында, сотталушының 2011 жылы жолдасымен ажырасып, экстремистік көзқарастағы дін жолына түскені айтылады. Келіншек 5 жасар қызын ертіп 2014 жылы Түкия арқылы Шам еліне өткен. Сирияның Саада жерінде болған. Оның 11 жастағы үлкен қызы мектепке бармаған. Сирия елінде туған екінші қызы 2 жаста.

Сотталушының қорғаушысы кәмелетке толмаған екі баланы нағашы әжесінің тәрбиесінде қалдыруды сұрады.

 

Өзгелердің жаңалығы