Сириядағы жер сілкінісі: Үш айдаң соң үйінді астынан тірі адам табылды

17 Мамыр 2023, 15:00
910
Бөлісу:
Сириядағы жер сілкінісі: Үш айдаң соң үйінді астынан тірі адам табылды
Фото: Akhbar.fouri порталы

Сириядағы жойқын жер сілкінісінен үш ай өткен соң аман қалған ер адам үйінділердің астынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Akhbar.fouri порталына сілтеме жасап.

Әлі кетіп, бірақ аман қалған ер адамды 16 мамыр күні үйінділерді тазалау кезінде жұмыс істеп жүрген сириялық құтқарушылар тауып алған.

Жергілікті Akhbar.fouri порталы қатты азып, сақал-мұрты өсіп кеткен адамды құтқару барысынан кадрлар жариялады.

Ер адам дәрігерлердің бақылауында, оны оңалтуға ұзақ уақыт кетеді деп болжанып отыр.

Оның қалай аман қалғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болған еді. 45 мыңнан астам адам табиғи апаттың құрбаны болды.

Өзгелердің жаңалығы