Сирия мәселесі: Келесі жылы елордада кезекті кездесу өтеді

22 Желтоқсан 2021, 17:44
1115
Бөлісу:
Сирия мәселесі: Келесі жылы елордада кезекті кездесу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу барысында СІМ Таяу Шығыс және Африка департаменті директоры Оңталап Оңалбаев хабарлады.

Оның айтуынша, тараптар 2022 жылы Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтанда өткізу туралы келіскен.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, кезекті кездесу 2022 жылдың бірінші жартысында өткізіледі деп келісілді. Тараптар Астана форматындағы кезекті министрлік кездесуді ұйымдастыру ниеттерін растады, - деп атап өтті еліміздің сыртқы саяси ведомство өкілі.

Сонымен қатар департамент директоры Тегеранда өтетін жоғары деңгейдегі үшжақты кездесу өткізуге қатысты пікір білдірді.

Иран Ислам Республикасында келесі жоғары деңгейдегі үшжақты кездесу өткізу туралы келісім өз күшінде. Мүмкіндік бола қалған жағдайда өтеді, - деді Оңталап Оңалбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тегеранда Астана форматындағы кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізілгенін айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы