Сирия мәселесі: Астана процесінің қатысушылары қандай шешімге келді?

22 Желтоқсан 2021, 21:21
1484
Бөлісу:
Сирия мәселесі: Астана процесінің қатысушылары қандай шешімге келді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 17-ші халықаралық кездесу барысында СІМ Таяу Шығыс және Африка департаменті директоры Оңталап Оңалбаев айтты.

Оның айтуынша, маңызды келіссөзге кепілгер мемлекеттері – Ресей, Иран, Түркия елдерінің өкілдері ортақ шешімге келді.

Біріншіден, Сирия Араб Республикасы өздерінің егемендікке, тәуелсіздікке, бірлік пен аумақтық бүтіндікке, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына бұлжымастығын растады және бұл қағидаттардың жаппай сақталуы мен құрметтелуі тиістігін алға тартты, - деді Оңталап Оңалбаев.

Сонымен қатар Сирияның егемендігі мен аумақтық бүтіндігін жоюға және көрші мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруге бағытталған сепаративтік жоспарларға қарсы тұру жалғасады деп отыр. 

Сирияның әр түрлі аймақтарындағы террористік белсенділіктің, соның ішінде, азаматтық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасаудың өсуі талқыланды. Идлиб аймағындағы деэскалация жағдайы қаралып, гуманитарлық ахуалды жақсартуды әрі қарай күшейту туралы келісімге келді. Сондай-ақ Сирияға тиесілі мұнайды сатқаннан түскен түсімді заңсыз басып алу мен беруді қабылдамау айтылды, - деп атап өтті сыртқы саяси ведомство өкілі.

Өзгелердің жаңалығы