Сирек кітаптарға сыртқы ортаның әсері жайлы семинар өтті

15 Наурыз 2021, 21:05
1025
Бөлісу:
Сирек кітаптарға сыртқы ортаның әсері жайлы семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қалпына келтіру-консервация жұмыстары бөлімінің мамандары –  Жансерік Бейсенқұлов пен Данагүл Төлегенова орталық қызметкерлеріне арналған «Сирек кітаптар мен қолжазбаларды қолдану және сақтаудың негізгі ережелері» атты кезекті семинарлық дәрісін өткізді. 

Семинарда құжаттардың зақымдалуының негізгі себептері мен оған әсер ететін факторлар жайлы айтылды. 

Тыңдаушыларға қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығы, жарықтың, әртүрлі биологиялық тіршілік иелерінің кітапқа келтіретін зияны мен оларды болдырмауға бағытталған шаралар да сөз болды. Сонымен қатар қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтаудың ерекшеліктері жайлы және қордағы жазба мұраларының болашақ ұрпаққа жетуіне тек қорды сақтаушылар ғана емес, жалпы бүкіл ұжым жауапты екені түсіндірілді - дейді ұйымдастырушылар.

Дәріс жүргізушілері семинар барысында слайд арқылы нақты мысалдар келтіріп, соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Орталық директоры Мәлік Нұржанұлы дәріске оң бағасын беріп, жоғары деңгейде дайындалғанын баса айтты.

Өзгелердің жаңалығы