Sinovac, Pfizer, Modernа бойынша мәселе пысықталып жатыр

7 Сәуір 2021, 18:42
1905
Бөлісу:
Sinovac, Pfizer, Modernа бойынша мәселе пысықталып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілші. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Вакциналар бойынша сәуір айында екі миллионға жуық доза жоспарланған. Оның 500 мыңын күтіп отырмыз. Бізде жоғары деңгейдегі келісім бар. Қазір басқа өндірушілерден вакцина жеткізу жоспарда бар. Қазір келісім-шарт жасасу сатысында, сондықтан ақпаратты жария ете алмаймыз. Қорытындылай келе, бірден жеткіземіз, бірақ 500 мың вакцинаны сәуір айының соңына дейін алуды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді министр.

Ол сондай-ақ Sinovac, Pfizer, Modernа бойынша мәселе пысықталып жатқанын айтты.

Қазір компаниялар кестелерді тексеріп жатыр, әрқайсысы уақыт кестесін беруге тырысады, - деп түсіндірді Алексей Цой.
Өзгелердің жаңалығы