Синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады

8 Қаңтар 2019, 10:35
1946
Бөлісу:
Синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады

Астана, baq.kz. «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты екі өңірде ескерту жариялады.

8 қаңтарда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерді тұман басады. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 25 м/с артады.

8 қаңтар күні Шымкент қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

8 қаңтарда Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болады. Тұман мен көктайғақ, Ақтау қаласында да күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы