Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады

25 Қыркүйек 2019, 08:29
1483
Бөлісу:
Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қыркүйек күні еліміздің барлық қалаларында ауа сапасы қалыпты болады. 

«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, еліміздің барлық қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы