Синоптиктер алдағы жеті күнге ауа райы болжамын жариялады

23 Наурыз 2024, 23:49
70856
Бөлісу:
Синоптиктер алдағы жеті күнге ауа райы болжамын жариялады
Фото: BAQ.KZ архив

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы 7 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, 23-29 наурыз аралығында ел өңірлерінің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

26 наурызда Қазақстанның батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Еліміздің барлық аумағында ауа температурасы жылынуы ықтимал.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 55%-ды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы