Синоптиктер 9 өңірде дауылды ескерту жариялады

12 Шілде 2022, 04:40
1434
Бөлісу:
Синоптиктер 9 өңірде дауылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Петропавл қаласында күндіз 12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Күндіз 12 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды қаласында күндіз 12 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді.

12 шілде күні күндіз Жезқазғанда және Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

12 шілдеде Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан еседі, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетуі ықтимал. Семей қаласында 12 шілдеде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

12 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 12 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

12 шілдеде түнде Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Батыстан жел есіп, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Талдықорған қаласында 12 шілдеде кей кезде найзағай ойнауы мүмкін.

12 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетау қаласында 12 шілдеде түнде найзағай ойнайды.

Нұр-Сұлтан қаласында 12 шілдеде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы