Сингапурлық ғалымдар Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын болжады

30 Сәуір 2020, 07:08
12875
Бөлісу:
Сингапурлық ғалымдар Қазақстанда пандемияның қашан аяқталатынын болжады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішінде Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады.

Болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды. Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді, деп хабарлайды Naked Science.

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті. Науқастар саны 2 маусымда 97 пайызға, 14 маусымда 99 пайызға азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы